Бала қайтадан сиіп қойғанда

Бала қайтадан сиіп қойғанда

Suzanne Dixon

03.06.2014

Кейде ересек адамдар баланың киімін қайта-қайта ауыстыруға тура келетініне өкінеді және көңілі қалады, оны жасыру өте қиын болады. Бала горшокқа үйрене салысымен, бәрі жеңілдей түседі деп ойлаймыз, бірақ оған әлі қайда. Кейде кейбір балалармен күтпеген оқиғалар болып қалады. Бұндай жағдайларда өзімізді қалай ұстасақ екен және болашақта барынша аз қайталануы үшін не істесек болады екен?

Ең алдымен, баланы ұрыспаңыз, өзіңіздің көңіліңіз түсіп қалғанын немесе ашуланғаныңызды оған көрсетпеңіз, барынша тезірек және абайлап оған киім ауыстыруға көмектесіп, ластанған киімін кірге тастаңыз.
Баладан Сізге жинауға көмектесуін сұраңыз. Иә, ол да атсалысуы тиіс, бірақ оның бойында кінәлілік сезімін өсірмеңіз. Сенсеңіз, ол қазірдің өзінде ұялып, өзін ыңғайсыз әрі жаман сезінеді. Бұл қалай болды деген сұрақтармен баланың мазасыз алмаңыз. Балалар шынымен де ондайды білмейді. Сондықтан одан ешқандай түсініктемелерді талап етпеңіз.

Жағдайлардың көбінде бұндай «жағымсыз оқиғалардың» себебі балалардың қарапайым ұмытшақтығы болуы мүмкін. Сәби өз ойынына қатты беріліп кетіп, қуығының толып кеткенін байқамай да қалуы мүмкін.

Егер мұндай жағдайлар, тіпті, бала ештеңемен айналысып жатпаған кезде де, жиі болып тұрса, бұл сәбиіңіздің күйзелісте екенін білдіреді. Мүмкін, жақында оның өмірінде өзі дайын болмаған күрделі өзгерістер болған шығар. Ондай нәрсе, мысалы, бөбек балабақшаға бара бастағанда орын алуы мүмкін. Жаңа үйге көшу және қоршаған ортаны ауыстыру да себеп бола алады.

Бөбегіңіз онда тұрған ештеңе жоғын және Сіз оны бәрі бір де жақсы көретініңізді білетін болсын. Сізге деген сенімі неғұрлым көбірек болса, соғұрлым оның сымдары да құрғақ болады!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.