Әжетхана нысанасы

Әжетхана нысанасы

03.06.2014

Егер Сіз баланы дәретханаға үйретумен байланысты бірқатар қиындықтарға тап болсаңыз, абыржымаңыз. Төменде сипатталған ойын горшокқа үйретуді маңызды әрі қызықты тапсырмаға айналдырып жібереді.

Сізге қажеттісі:
• Үлпектер
• Таблетка түріндегі көк немесе қызыл тағамдық бояғыш
• Көк фломастер
• Дәретхана қағазының бір шаршысы

Ұлыңыз дәретханаға бармас бұрын (бұл ойынды әдеттегі унитазбен жасаған жақсы), унитазға ауа толған түйіршіктерді тастаңыз да, оларды батыру керектігін айтыңыз.

Қыздарға арналған қызықты ойын – тағамдық бояғыштың көк таблеткаларын суға салып қойып, бала сиген соң олардың қалай жасыл түске боялғанын көру.

(Қызыл бояғыш та келеді, бірақ қызғылт-сары түске ауысуы онша қатты әсер бермейді.) Сонымен бірге Сіз дәретхана қағазының шаршысына көк фломастермен нысана салып саңыз болады, ал бала сигенде оны жасыл түске бояйды.

Әрине, нысанаға дәл тигізу үшін қимылдары үйлесімді болуы керек, бірақ бұл жағдайда себеп-салдардың маңызы әлдеқайда артығырақ. Бала бірдеңені өзгерте алатындығын түсінгені өте маңызды.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.