Тамақ жеп, күш жинайтын уақыт келді. Балалардың тамағына арналған идеялар.

Тамақ жеп, күш жинайтын уақыт келді. Балалардың тамағына арналған идеялар.

Suzanne Dixon

19.03.2014

Енді, Сіздің балаңыз қатты тамақ жей бастағанда, Сіз оған пайдалы өнімдерден дайындалған теңгерімді мәзірді қалай таңдауға болатынын шешуіңіз тиіс. Мәселенің басын ашып алайық.

Кішкентай балаларға күніне бес немесе алты рет тамақ жеу қажет. Сондықтан, үлестері өте кішкентай болу керек. Жейтіндері кішкентай болса, дайындау оңайырақ деп көрінуі мүмкін. Дегенмен, бірнеше нәрсені ескерген жөн.

Сақтану керек өнімдер
Бала қатты тамақты жей бастағанмен, кейбір өнімдерді жеу ол үшін бұрынғыша тыйым салынғанын есте сақтаңыз. Олар:
• Сосискалар
• Жүзімнің бүтін жидегі және черри қызанақтары
• Карамель мен драже кәмпиттер
• Жаңғақтар
• Попкорн
• Шикі сәбіз, балдыркөк, көк бұршақ пен басқа да қатты өсімдіктер
• Тұқымдар (мысалы, асқабақ немесе күнбағыс тұқымдары)
• Тамақтың ет және картоп сияқты кез келген үлкен кесектері

Шырын қауіпті ме?
Шырынды аздап беруге болады, бірақ шамадан тыс бермеңіз. Әдеттегідей, онда қант көп. Одан басқа, ол баланың тәбетін түсіріп, пайдалы өнімдердің орнын алып қоюы мүмкін. Міндетті түрде қаптамада көрсетілген құрамын зерттеп шығыңыз, ал ең дұрысы сатып алынатын шырынды, қолдан сығылған жеміс шырынына алмастырған жөн.

Жасына қарай мәзір дайындаймыз

1 жастағы сәбиге:
• Жұмыртқа теңгерімді тамақтанудың жақсы көзі болып табылады, бірақ ол баланың аллергиясын шығармайтынына көз жеткізіңіз.
• Жас жемістер – құтыдағы шырынның тамаша алмастырғышы. Балаңызға жас шабдалының немесе жұмсақ бананның аздаған бөлігін беріп, оның қалай рахаттанып жейтінін көріңіз. Алма езбесі де бала үшін өте жақсы тағам болады.
• Кальций көзі ретінде ірімшіктің тілімдері немесе сүзбе.
• Пісірілген көкөністер – сәбіздің, бұршақтың және картоптың кесектерін араластырып беріңіз.

18 айлық сәбиге:
Негізгі тағамдарымен бірге мыналарды беруге болады.
• Тұздалмаған крекерлер
• Піскен банан тіліктері
• Жержаңғақ майы немесе сарымай жұқалап жағылған қақталған нан
• Ірімшіктің тілімі
• Тұздалмаған күріш нан

2 жастағы бөбекке:
Баланың дәрумендер мен сіңімді заттарды жеткілікті түрде қабылдауын қадағалаңыз:
• Жұмыртқа темірдің және ақуыздың қайнар көзі.
• Ірімшіктің тіліктері кальций мен ақуыздың қайнар көзі.
• Картоп езбесі бар балық – кальций мен пайдалы көмірсулардың керемет үйлесімі.
• Тұздалмаған қытырлақ нан. Дәнді дақылдардан жасалаған кез келген өнімдер – В тобы дәрумендерінің көзі.
• Жас жемістердің тілімдері.
• Брокколи мен гүлді қырыққабат. Оларды білдірмей езбеге қосып жіберуге болады.
• Қақталған жеміс-жидектер.

3 жастағы сәбиге:
3 жаста сәби өте белсенді болып, орнын толтыруды қажет ететін көп қуат жұмсайды. Әрине, оның мәзірі қатты өзгермейді. Бірақ тағы бірнеше кеңеске құлақ түріңіз:
• Жеміс коктейльдері – бұл тек дәмді ғана емес, стақанға түтікше салып қойсақ, өте көңілді де болмақ.
• Бутербродтар жасауға арналған тунец және арқан балықтан жасалған паста.
• Печенье: күріштен және сұлыдан жасалған печеньені таңдаңыз.

Мектеп жасына дейінгі баланы тамақтандыру:
Құрамында күрделі көмірсутегі көп болатын нан, кекс, крекер, паста және салат секілді өнімдерді таңдаңыз. Тамақ одан да сіңімді болу үшін ақуыз бен майды ұмытпаңыз. Сүт өнімдері бала рационында маңызды орын алуы тиіс, бірақ тым асырып жібермеңіз.

Балаларыңыз әрқашан тоқ әрі сау болсын!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.