Сәбиіңіз бен үй жануарын достастыру бойынша 5 кеңес

Сәбиіңіз бен үй жануарын достастыру бойынша 5 кеңес

Suzanne Dixon

03.06.2014

Бала үйдегі ит-мысықты ренжіткенде не деріңді білмейсің. Біз, ересектер, оның дұрыс еместігін білсек те, кішкентай баланың жайы өзгеше.

1. Мәселені шешкенде, жасты ескеріңіз


2 жасқа толмаған баланың ит-мысықты қинауы, әдетте, ол туралы білуге және онымен қимыл-әрекет жасағандағы оның жауабын танып білуге ұмтылу нәтижесі болып табылыды.

Осы жастағы балалар үшін «нәзік болу» немесе «абайлап сипау» сияқты түсініктерді түсініп, есіне сақтау қиынға түсетіні рас. Балаңызға жануарларға дұрыс қарауда үлгі болыңыз, бірақ дәрісіңіз толық қабылдануына сенім арта бермеңіз. Бұл жастағы балалар қатігездік дегенді түсіне бермейді, сондықтан олардың жануарларға деген «ынталарын» тыйып отырыңыз.

2. Зейініңізді тайдырмаңыз


Осы жастағы бала жаңа таныған ит-мысықпен араласудан мәз болуы екі талай, сондықтан әлі жануар ұстамаған болсаңыз, бірнеше жыл күте тұрғаныңыз жөн болар.
Егер бала туылғанда үйіңізде жануар бар болса немесе оның ағасының немесе апайының жануары болса, бала онымен бірден дұрыс тіл табыса алады деп үміттенген дұрыс емес. Керісінше, құмарлық шегінен шығып кететіндігіне дайын болыңыз. Бала аламан, қоян немесе марғау сияқты шағын жануарларға қарауы өте пайдалы, бірақ қолына ұстатушы болмаңыз! Екі жақтың да жарақаттануын болдырмауға тырысып, жануарларды тордан шығармаңыз.

3. Қызғанышты түсінуге тырысыңыз


Ондай дөрекіліктің себебі қызғаныш та болуы мүмкін. Кейде жануар немесе кішкентай бала ересекті екіншісінен қызғануы мүмкін. Егер оларда Сізге деген махаббат және адалдық сезімі туындаса, аздаған қызғаныш болуы әбден мүмкін, сондықтан есіңізде болсын – әдетте тіл алғыш жануарлар мен балалар кенеттен бір-біріне атылуы да мүмкін!

4. Үйретуді қазірден қалдырмаңыз


2 – 3 жасар балалар жануарларға дұрыс қарауды үйренуі мүмкін, бірақ олардың не сезетінін түсіне бермейді. Олар не ойнау керектігін білсе де, қалай ойнауды біле бермейді. Осы жаста бала «Оған доп лақтырып, «Әкел!» деп айт» дегенді білгенімен, «нәзік бол» немесе «ауыртпа» дегеннің не екенін түсіне қоймауы мүмкін.
Бала бұл жасына жеткенде Сіздің сөйлегеніңізден көрсеткеніңіз абзал, сонда балалар жануарларға қалай қарау керектігін үйреніп, жадына сақтайды. Абайсыз болған қатыгездік үйрену үрдісінің құрам бөлігіне айнала алады, бірақ бұл ата-аналардан балаға жануарларға дұрыс қарауды үйретуді қажет етеді.

5. Қасақана қатыгездік жағдайларына әсіресе назар аударыңыз


Жануарларға оң қарау дегеніміз не екендігін дұрыс түсінетін, бірақ оларды үнемі қинайтын 3 жастан асқан бала – мүлдем өзге мәселе. Ондай бала аса ашушаң болып, ызасын әлсіздерден қайтаруы мүмкін.

Оның өз құлығын не деп түсіндіретіндігіне назар аударыңыз. Кейде мұндай мінез-құлық күйзеліс, отбасындағы өзгерістер немесе кез келген дерлік елеулі оқиғаға жауап ретінде болуы мүмкін. Баламен өз уайымдарыңызбен бөлісіп, осы мінездің себебі не екендігін түсінуге тырысыңыз. Және де, баланың ызақорлығын түсіну үшін дәрігерге немесе басқадай сол сияқты көмекке жүгінуден ұялмаңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.