Балаларыңыздың арасындағы байланысты қалай орнатса болады

Балаларыңыздың арасындағы байланысты қалай орнатса болады

03.06.2014

Балаларыңыз бір-бірімен қалайша әрекеттесетіндігіне көптеген жайттар әсер етеді. Иә, әрбір бала жеке тұлға, дегенмен, зерттеулер көрсеткендей, олардың жеке дара тұлғалары мен даму деңгейлеріндегі ұқсастық айырмашылықтан артық болмаса, кем емес.

Бұл уақытта балаларыңызға жеке тұлғаның қандай түрі тән екендігін біліп, түсінген шығарсыз. Олар тыныш және ойлауға бейім немесе мазасыз және қызық оқиғаны ұнатады ма? Бір бала шатақтау, сол себепті өзіне көп көңіл бөлуді талап етсе, кейбіреулері болса тыныш әрі тәуелсіз бе? Олардың қалжың сезімі немесе өздеріндегі сенімділік деңгейі бір-бірінен ерекшелене ме? Олар әр түрлі істермен шұғылданғанды ұната ма және өздерінің жеке дарындары бар ма?



Дегенмен, кейбір аға-қарындастар басқаларына қарағанда ортақ дүниелері көбірек (әрине, бір-біріне жақынырақ) болса да, ата-аналар балалары арасында жылы қарым-қатынасты орнатуда маңызды рөл атқарады. Есіңізде болсын, балаларыңыз – жеке тұлғалар, дәл осы жайт оларды осыншалықты ерекше етеді.

Балалар арасында жақын туыстық қарым-қатынасты орнату


Ағалы- қарындастар арасындағы жас ерекшеліктері мен олардың жынысы – ағалы-қарындастар арасында бәсекелестік (немесе жақындастық) деңгейін анықтауда шешуші рөл атқаратын негізгі екі жайт. Бірақ зерттеулер көрсеткендей, осы екі жайт ерте балалық шақта соншалықты маңызды болмауы мүмкін. Үлкен бала үшін кіші бауырының немесе қарындасының даму деңгейі, жеке тұлғалығы мен отбасының басқа мүшелеріне қатысты қылықтары қатысты әлдеқайда көп мәнге ие.




Зерттеулер көрсеткендей, кіші бала қарым-қатынаста (сөйлеу немесе ойнау арқылы) белсендірек рөл атқарған сайын, үлкен бала өзара қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөледі. Кіші бала бір жарым жасқа келгенде қиялдауды талап ететін ойындарға қатыса алып, араласуда тілді мәндірек пайдалана бастайды. Осы жаста бала ойын ойнағанда серіктесу деңгейі арта түседі. Бұл кіші бала ойынға тұлға ретінде қатысатын жас болып табылады. Ол өз ойын және қажеттіліктерін айтып, тең серіктес болғысы келер. Осы мезеттен бастап, балалар арасындағы қарым-қатынастарда жетістіктер мен сәтсіздіктер кезеңі басталады.



Аға-қарындастар арасындағы ұдайы өзгеріп тұратын қарым-қатынастар


Сізбен ойнап қалжыңдасу үшін олар бірігеді, ал бір-екі минуттан кейін ата жауға айналады. Қаншалықты қызық болып көрінгенімен, зерттеулер көрсеткендей, аға-қарындастар арасындағы қарым-қатынаста туындайтын даулардың екі балалардың бір-біріне деген махаббат пен қолдау күшіне әсер ету деңгейі шамалы.



Зерттеушілер мектепке дейінгі жастағы балаларды зерттегенде, бір-бірімен ұдайы бәсекелесіп жүретін аға-қарындасты жұптар ортақ ойындарда бір-біріне қолдау көрсету және ынтымақтастық құру үшін көп күш салатын балалар болып шығатындығын анықтады. Сонда бұл не болғаны? Аға-қарындастар арасындағы қарым-қатынастар жөнінде сөз қозғалғанда бәсекелестік пен жақындық шәкілдің қарама-қарсы ұштары деп айтуға мүлдем болмайды!




Осыны еске ұстай отырып, балаларыңыз бірде бір-бірін жек көріп, ал келесі минутта айырылмас дос болатындығына таң қалмаңыз. Бұл олар арасындағы дамып келе жатқан байланыстың қалыпты құрамдас бөлігі!



Дегенмен, олар бір-бірімен тату екен деп көрінгенмен, балаларыңыз арасындағы қарым-қатынастар жөнінде бір-бірінің ойы ортақ болуы міндетті емес. Бұл мектеп жасындағы балаларды бір зерттегенде анықталды.
Көптеген жағдайларда балалардың бірі қатынастарды жақсы деп сипаттаса (ойнағанды жақсы көретіндігін және аға-қарындаспен тату екендігін айта отырып), ал басқасы кері ойда болатын.



Балаларыңыздың арасындағы сол немесе басқа мезетте қарым-қатынастар қандай болатындығына қарамастан балалар арасындағы байланыс уақыт өте келе тұрақты өзгеріп тұратындығы есіңізде болсын. Зерттеулер көрсеткендей, кіші жастағы балаларда олардың келешекте ағасымен немесе апайымен қарым-қатынасты құруда негіз бола алатын байланысының ойдағы бірегей бейнесі жоқ.




Әрбір бала ағасымен немесе қарындасымен болатын қарым-қатынастарды өзінің ішінде және қоршаған ортада болатын өзгерістерге қатысты бейімдейді. Кейде бұл үлкен жақындастыққа әкеледі немесе, керісінше, шиеленісуді тудырады. Өз кезегінде ата-ана ретінде Сіз артқа бір қадам жасап, қауіп төнген жағдайда ғана араласуды үйренуіңіз қажет, сол кезде балаларыңыздың арасындағы байланыс өзінің жеке, бірегей жолымен дамитын болады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.