Тұңғышыңызды екінші баланың дүниеге келуіне қалай дайындауға болады

Тұңғышыңызды екінші баланың дүниеге келуіне қалай дайындауға болады

Shalom Fisch

19.03.2014

Адамдар туысқандық байланыстар туралы ойлаған кезде бастарына келетін бірінші ой бұл "бәсекелестік". Шындығына келгенде, ол олай емес – туған іні-қарындастар ата-ананың назарын жаулап алу үшін бір-бірімен шайқасуы мүмкін. Бірақ өзара қарым-қатынастың басқа түрлері де бар.

Ата-ана баласын өзіне ғана емес, бір-біріне жылы қарым-қатынас жасайтындай етіп, тәрбиелеуге тиіс. Тәрбиеге қанша қиын болса да, күш салыңыз, сол кезде Сіз балаларыңыздың арасында бәсекелестік емес, достық, сүйіспеншілік және өзара қолдаудың бастамасын салып бересіз.

Сәттіліктің тағы бір құпиясы қиындық басталғанға дейін балалардың оң қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады. Сіз бұның іргетасын екінші бала тумай тұрып қалай берсеңіз болады!

Сізге қажет болуы мүмкін бірнеше кеңес:

Отбасыңызда тағы бір жан пайда болатыны жайында көршілерден бұрын балаңызға айтыңыз


Балаңыз інісінің немесе қарындасының пайда болатыны жайында өзге біреуден емес, Сізден естігені жөн. Тұңғышыңызбен жаңалықты бөлісе отыра, оған сенетіндігіңізді білдіріп, ақпаратты дұрыс жеткізе біліңіз.

Сондықтан балаңыз жаңалықты басқалардан бұрын білуге тиіс. Отбасыңызда болатын өзгеріс жайлы жаңалықты балаңызға достарыңызға айтар алдында сәл ертерек айтыңыз. Сонда Сіздің балаңыз ол құпияны кездейсоқ жерден ашып қоймайтын болады.

Тұңғышыңыздың үлкендігін ерекше атап жүріңіз


Екінші жүктілігіңіз жоспарланбаған және балалардың арасы үлкен болмаса да, тұңғыш нәрестеңіздің барлық маңызды сәттерін атап өткен жөн. Тамақтана бастау сәті, жөргектерді іш киімге ауыстыру кезі – бұл оқиғалардың бәрі тұңғышыңыздың өсіп келе жатқанын көрсетуі тиіс.

Бала есейіп келе жатқандықтан, Сіз оның "үлкен аға" немесе "үлкен әпке" болғандығын мақтан тұтатындығыңызды көрсетуіңіз керек. Бұл оған өзін "үлкен аға" немесе "үлкен әпке" рөлінде сезінуге көмектеседі.

Орын ауыстыру уақыты


Балалардың жасы арасындағы айырмашыққа қарай екінші баланың дүниеге келуі бірінші балаңыздың дамуының жаңа кезеңіне ауысу уақытына сәйкес келгендігін түсінесіз. Алайда, тұңғышыңызды жасы бойынша басқа бөлмеге ауысуы керек болса да, бас сала басқа бөлмеге ауыстырып, орнына кішкентайыңызды жатқыза салудың қажеті жоқ. Інісінің немесе қарындасының келуімен оның орын ауыстыруы керек болғандығы, оны жаралауы мүмкін. Сондықтан, бұл мәселені абайлап шешіңіз.

Кейде кішкентай орын ауыстырулар балалардың пайдасына қарай шешіліп жатады. Тұңғыш баланың ересектерге арналған кереуетке жатуға дайындығын бақылап көріңіз, сол кезде кішісін емін-еркін балаларға арналған кереуетке жатқыза аласыз. Солайша, Сіз оның үлкен болғандығын мақтан тұтатындығыңызды көрсетесіз.

Өзіңізге көмектесуге рұқсат етіңіз


Өзіңізге белгілі болғандай, жаңа туған сәбилер қамқорлық пен назарды көп қажет етеді. Соған сәйкес тұңғышыңыздың көмегі қажет болатын істер де көп болады. Тұңғышыңыз кіші балаңызбен сөйлесіп, ән айтып бере алады, құтыны әкеліп беріп, жөргектерді алып бере алады. Тұңғышыңызды үлкен баланың тәрбиесіне тартқан кезіңізде, Сіз оған деген сеніміңізді көрсетесіз. Соның арқасында ол өзінің інісін немесе қарындасын тәрбиелеуде маңызды рөл ойнайтынын сезеді.

Қосымша пайдасы – Сіздің өміріңіз тұрмыстық тұрғыда бірталай жеңілдейді.

Тұңғышыңызды тыныштандырыңыз


Тұңғыш бала кішкентай баланың дүниеге келуімен өзіне деген Сүйіспеншілік болмай қалады деп қорқады. Мезгіл-мезгіл оған (екінші бала дүниеге келмей тұрып та, одан кейін де) Сіз оны жақсы көруіңізді тоқтатпағандығыңыз туралы айта беріңіз. Үлкен балаңызбен бірге болуға, көңілденіп немесе жай ғана құшақтасып отыруға міндетті түрде уақыт табыңыз.

Басқа ересек адамдарды алдын-ала ескертіп қойыңыз


Тұңғышыңызды қолпаштап, көңілін көтеріп жүргеніңізде басқа біреу орынсыз әзілімен Сіздің еңбегіңізді жоққа шығармасын. Менің екінші балам туғаннан кейін бір достарымыз менің үш жасар ұлыммен "Е, бөпе күтіп отырсыңдар ма? Олай болса, сен менің үйіме көшіп келесің ғой?" деп орынсыз әзілдегені бар. Бұны әзіл екенін түсінсем де, ұлым жыларман болды. Оның қапа болғанын байқап, досымыздың ақымақшылық жасағанын және біз бір жанұя болып қалатынымызды айттым.

Мен одан кейін досымызға баламызды екінші балаға дайындап жатқандығымызды айтып, енді олай әзілдемеуін сұрадым.

Бұл тәсілдердің барлығы тиімді болуы мүмкін, бірақ тұңғышыңызды Сізден артық ешкім білмейді. Сондықтан сәл еңбектеніп, өз отбасыңыз үшін дұрыс стратегияны міндетті түрде табасыз.
Отбасылық қарым-қатынасқа бүгін күш салып, қиналғаныңызбен, болашақта Сіз де, балаларыңыз да жемісін жейтініңіз есіңізде болсын.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.