«Тайм-аут» негіздері – сәбиді тәрбиелеу әдісі

«Тайм-аут» негіздері – сәбиді тәрбиелеу әдісі

Suzanne Dixon

03.06.2014

Кішкентай балаларды жазалауға келгенде, ата-аналардың көбі «тайм-аут» әдісіне жүгінеді – яғни, олар баланы жай ғана жалғыз қалдырып, өзінің мінез-құлықтарын саралап, түзелуге мұрсат береді. Дегенмен, оны қалай дұрыс істеп, ең бастысы – қажетті нәтижелерге қалай қол жеткізуге болатындығын барлық ата-ана біле бермейді.

«Тайм-ауттың» негізгі қағидаттары


• Тәрбиелеудің бұндай әдісін 1,5-2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болады. Одан жас балалар Сіздің жазалағаныңызды түсінбейді, ал одан ересектеу балаларға жазалаудың астарлы әдісін қолдану қажет етіледі.
• Балаға «тайм-аут» жариялағанда Сіз оны барлық үйреншікті шұғылданатын және қызықты істерінен шеттетіп, ойыншықтарсыз және басқалармен араластырмай толық жалғыз қалдырасыз. Осы уақыт барысында ол есін жиып, сабырға түсіп, өзгелер өзінен нені күткенін түсінуі тиіс.
• Бірақ Сіз баламен осы уақыт барысында араласуды шын мәнісінде тоқтатуыңыз тиіс, оған ешкім мән бермеуі және көңіл аудармауы тиіс. Болмаған жағдайда бұл бастауыңыз сәтсіздікке ұшырайды.
• Бала жалғыз отыруы тиіс, тек сонда ғана ол кері қылық істегенде ел арасындағы қызықтан құр қалатынын түсіне алады.
• Бір дегенде ойыңыздағы орындала қояды деп күтпеңіз. Дұрыс жолды таңдай алғанға дейін ата-аналардың көп уақыт жұмсауына тура келеді.

Қажетті жағдай


Нәтижелі «Тайм-ауттың» кепілі – қажетті жағдай жасау.
• Баланы алшақтау жерге, мысалы, бір бос бұрышқа орындыққа отырғызыңыз. Бірақ ол балалар бөлмесі болмасын. Оның жадында өз бөлмесімен байланысты жат сезімдер қалмауы тиіс. Оған қоса, өз бөлмесінде ол көптеген сүйікті ойыншықтары мен көңіл бөлетін өзге заттардың арасында болады.
• Таңдалған орын «қылмыс орнына» барынша алыс тұрғанына көз жеткізіңіз. Ол Сізді көріп, ойын бөлмеуі тиіс.
• Және, ең бастысы, жазалау орны барынша қауіпсіз болуы тиіс. Сіз еш алаңсыз баланы назардан тыс қалдырып, оған ештеңе де болмайтынын анық білуіңіз тиіс.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.