Сәбилердің сәтті «тайм-аутының» құпиялары

Сәбилердің сәтті «тайм-аутының» құпиялары

Suzanne Dixon

03.06.2014

«Тайм-аутты» қалай өткізу қажет?


• Бала тіл алмаса, ескерту жасаңыз. «Қой!» деп айту қажет. Бұзақылығын қоймады ма? «Тайм-аут» уақыты келді. Баланы алып, «тайм-аут» үшін таңдалған орынға отырғызып қойыңыз.
• Оятарды қосып қойыңыз. Ол сағат дауысын бала еститіндей болуы тиіс. Басында «тайм-аут» уақыты оның жасына тең болса болады. Әр жасына бір минуттан.
• Бала орнына тұрып кетсе, орнына қайтарып, уақытты басынан бастаңыз. Барлығын үндемей, ештеңені түсіндірмей орындаңыз. Басында бұл әрекетті жүздеген рет қайталау қажет етілуі мүмкін, бірақ қол қусырмаңыз, таңдаған жолыңыз дұрыс.
• Оятар шырылын естігеннен кейін баланы құшақтап, жазаның аяқталғаны туралы айтыңыз.
• Балаға басқа бір жаңа шаруа тауып беріңіз.

Жиі кездесетін қателіктер


• Тым көп сөйлемеңіз. Баланың істегені дұрыс еместігін бір рет түсіндіріп, одан кейін «тайм-аутқа» жүгінген жеткілікті. Бұл жағдайда Сіздің үндемегеніңіздің нәтижесі көбірек болады.
• «Тайм-аут» назардың көп бөлінуіне алып келмеуі тиіс. Егер жаза Сіздің күш-жігеріңізді керісінше көптеп алатын болса, оның нәтижелілігі төмендейді. Сіз жазаны қолдану барысында баламен сөйлесіп, оған көңіл аудармауыңыз тиіс, болмаған жағдайда түкке де қол жеткізбейсіз.
• Ашуланбаңыз және дауыс көтермеңіз. Мүмкін, есіңізді жиып, сабырлыққа жету үшін алдымен өзіңізге «тайм-аут» алу қажет етілер. Балаға оның нені дұрыс істемегенін және неге жазаланатындығын өзіңіз сабырға түскеннен кейін ғана түсіндіріңіз.


«Тайм-аутты» қандай жағдайда пайдалануға болмайды


• Баланың есірігі ұстайын деп тұрса, тайм-аут оған көмектесе алмайды. Оданша оны үндемей ғана құшақтап, тынышталғанын күтіңіз. Одан кейін жағдайға қараңыз.
• Бала ауырып тұрса, шаршаған болса және сезімдерін басқара алмаса. Бұл жағдайда ең дұрысы – баланы тамақтандырып, ұйықтату.
• Егер бала өмірінде айырылысу жағдайларын тым көп бастан кешкен болса, «тайм-аут» оның сезімдерін қатты тебірентіп жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда Сіз оның қасында бола аласыз, мысалы, үндемей, арқа тіреп отыруыңызға болады.
• Бала өз дамуында артта қалған болса.

«Тайм-аутты» пайдалану қажеттілігі тым жиі туындаса


Тайм-аутты» пайдалану қажеттілігі тым жиі туындап жүргенін басқасаңыз, өзгертуді қажет ететін жайттардың бар-жоғын ойластырыңыз.
• Баланы бала бақшаға бару күйзелпейтіндігіне, құрдастары немесе тәрбиешілердің оны ренжітпейтіндігіне көз жеткізіңіз.
• Оған көңіліңізді тым аз бөлмейтініңізді ой електен өткізіңіз. Еркелігімен Сіздің көңіл бөлуіңізді қажет еткені болар? Онда ең дұрысы онымен жиірек ойнау және сөйлесу болып табылады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.