Бала жүре бастаған кезде барлығы өзгереді

Бала жүре бастаған кезде барлығы өзгереді

03.06.2014

Балаға жүктілігіңіз жөнінде хабарлаудың ешқандай нақты қатаң ережелері жоқ. Екі бірдей бала болмайтындықтан, өз ойыңызға сенім арта отырып, шешімді өзіңіз қабылдайсыз! Өз балаңызды басқаларға қарағанда жақсы білетіндіктен осы жаңалықты айту жөніндегі шешімді қабылдағанда өз түйсіктеріңізге арқа сүйеңіз.

Уақыт бөлу


Жаңалықты достарыңызбен, туысқандарыңызбен бөлісіп, болашақ туралы сөйлескіңіз келетіндігі түсінікті. Бірақ, біле жүріңіз, бала аяғыңызда жатып ойнағанда ол басқа адамдармен не туралы сөйлескеніңізді естіп отырады. Сөйлесіп отырған әңгімеңізді бала (тілі жаңа шығып келе жатқан бала болса да) тыңдамай отыр деп ойлайсыз , бірақ көптеген зерттеулер бала тілді сөйлегеннен гөрі, жақсырақ түсінетіндігін көрсетеді.

Абайлап әңгімелесу әдістері


Жаңалықты хабарламас бұрын баланы дайындауға уақыт табыңыз. Басқа да жүкті әйелдерді білсеңіз, олардың домаланған іштерін көрсетіңіз де, балаңызбен әңгімені осыдан бастаңыз: «Қарашы, осы әйелдің ішінде сәби өсіп жатыр!»

Балаңыздың әлдебір достарының жақын арада інісі немесе сіңлісі туылуы мүмкін. Бұл жүктілік пен балалар жөнінде әңгімелесудің тағы бір мүмкіндігі. Зообақтардағы немесе фермалардағы буаз жануарларды да мысалға келтіруге болады. Кішкентай балаларға айналасында қоршаған мысалдарға негізделген жаңалықты қабылдау әлдеқайда жеңілірек болады.

Оған қоса, далада серуендегенде жаңа туылған сәбилердің маңынан өткенде назарын аудартсаңыз болады, олардың түрлері қандай екендігі жөнінде сөйлесіп, сәбилердің шығатын сүйкімді дыбыстарын еліктеп көрсете аласыз. Сәби қуыршақтармен және пүліш аюлармен ойнаған балаңызды мадақтаңыз.

Үлкен жаңалық


Ішіңізде бала өсіп келе жатқандығын балаңызға айту үшін тыныш, қолайлы мезетті таңдаңыз. Алдағы уақытта ойнайтын дос болатындығын айтыңыз. Айтатын әңгімеңіз негізінен балаңыздың жасына және оның түсіну деңгейіне байланысты болуы тиіс.

4 жасқа дейінгі балалар үшін жаңалықты қарапайым түрде айтып, артық қызбалық күйден аулақ болу қажет. Мүмкіндік болса, балаңызға қатысты қандай да бір маңызды оқиғамен байланыстыра отырып, жаңа туылған сәбидің туылу уақыты жөнінде сөйлесіп көріңіз. Туған күндер мен мейрамдар ең қолайлы мезет болып табылады, өйткені балаңыз осындай күн туатындығын білетін болар.

Көптеген балалар ананың ішінде бала қалай пайда болғандығы жөнінде сұрамайды, егер шарасыз күйде болмасаңыз, осы әңгімені қозғамаңыз, өйткені бала үшін ақпарат тым көп болып кетуі мүмкін. Бірақ, ол сәл ересектеу болса, онда өзі әуестік танытуы мүмкін. Егер балаңыз сұрақ қоятын болса, жай ғана жауап беруге тырысыңыз (өз жауаптарыңызды оның түсіну деңгейіне қарай икемдеңіз). Жауап бергенде бірқалыпты күйде сөйлеңіз, балаға қосымша сұрақтарды қоюға жайлы болу үшін бойыңызды бос ұстап тұрыңыз.

Үлкен балаға отбасының жаңа мүшесіне үйренісуге қалай көмектесуге болады


Жаңа туылған баланың пайда болу нәтижесінде тұңғышыңыздың өміріне өзгеріс енгізуді ойластырып жүрген болсаңыз, бұны босанғанға дейін жасай бастаңыз. Мысалы, егер бала сәби туыла сала бөлек ұйықтай бастауы қажет болса, өзгерістерді сәбиге кеңістік қажет болғанға дейін бірнеше апта немесе ай бұрын енгізе бастаңыз. Сіздің үлкен балаңыз жаңа туылған бала оны шеттетіп жатқандығын сезінбеуі тиіс.

Өзгеріс балаға қиын болады деп ойласаңыз, бала төсегін алып тастап, оны уақытша тығып қойсаңыз болады. Алдымен баланың бөлек төсекте ұйықтауын қуанышты оқиғаға айналдырыңыз. Балаңыз жаңа жапқышты, бөлмеде өзінің жаңа төсегінің орнын немесе төсектің төменгі жағында сақтай алатын кітаптарын және жұмсақ ойыншықтарын таңдасын. Одан басқа, оған шкафқа бала киімдерін жинауға көмектесуге, бөлмені жайғастыруға, тіпті түсін немесе керек-жарақтарын таңдауға мүмкіндік бере отырып, үлкен балаға бала бөлмесін дайындауға ат салыстыруға болады. Бала өзінің жаңа төсегіне үйренбейінше күте тұрыңыз, отбасының жаңа мүшесінің төсегін содан кейін ғана дайындаңыз.

Айналадағы ересек адамдарға бала өте сезімтал болатындығын білдіруге тырысыңыз. Балаңызды Сіздің көзқарасыңыз бойынша жақсы дайындағанның өзінде, ол отбасының жаңа мүшесі пайда болады дегенді толықтай түсінетіндігі екі талай екенін ескере жүріңіз. Басында бала бұл жаңалықты түнге қарай айтылатын ертегі ретінде қабылдауы мүмкін.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.