Сәбидің өздігінен жүруінің 5 маңызды салдары

Сәбидің өздігінен жүруінің 5 маңызды салдары

Cheryl Lock

27.05.2014

Жүре бастағаннан кейін балаңыз әлемге басқа көзқараспен қарайтын болады. Бірінші қадамдар – бұл баланың ақыл-есінің кіру және қозғалу қабілетінің бастамасы десе болады.
Жүру кезінде балаңыздың игеретін бес нәрсесі:

1. Көңілді бастаулар


Сәбилердің көпшілігі 9 айдан 18 айға дейін өздігінен жүре бастайды. Жақын күндері бала қоршаған кеңістікті белсенді игере бастайды. Сондықтан, Сіз балаңыз үшін үйдің толығымен қауіпсіз екендігіне көз жеткізуіңіз тиіс.

Абай болыңыз: бала жүре бастағаннан кейін, көп ұзамай, тез жүгіретін болады. Өз кроссовкаңызды да дайындап қойыңыз, себебі оны қуалауға тура келеді!

2. Шыңдарға шығу


Көңілді жүгірістерден кейін бала өзі үшін альпинизм деп аталатын тағы бір спорт түрін ашады. "Жоғары" деген сөз оның сүйікті сөзіне айналып, үйіңіздегі құралдардың барлығы осы ойының қатысушысы болып кетеді. Бала жиһазға, баспалдаққа, аяғыңызға, тіпті иттің үстіне мінгісі келетін болады.

Жоғарыға көтерілу мақсатында балалар аттракциондарын пайдалануға болады. Олардың ішінде балалар қуана ойнайтын лабиринт, төбешік және баспалдақтар ойыны бар. Дегенмен, сақтандырып үлгеру үшін балаңыздың қасынан қалмай жүргеніңіз жақсы.

3. Қарым-қатынас


Балаңыздың бірге ойнайтын досы болса да, бұрын онымен не істеу керек екендігін білмеген болар. Жақын арада жағдай едәуір өзгереді: Сіздің томпағыңыз басқа балалармен ойнауға қызығушылық танытатын болады.

Балаңыз қойылған сұрақтарға жауап бере алмай немесе басқа адамдармен ойларын бөлісе алмай жүрген кездерін артта қалдыратын жолға түсті.

4. Рөлдік ойындар


Ойындар балаңыздың елестету қабілетін дамытуға айтарлықтай көмектеседі. 1,5 –нан 2 жасқа дейінгі балалар өзінің жұмсақ ойыншықтарымен сөйлесіп, қуыршақтарын асырайтын болады. Әр түрлі костюм киген қуыршақтарды, қуыршақтар үйін, ас бөлмесіне арналған жинақтарды немесе ойыншық дәрі қобдишаларын алып, балаңыздың фантазиясын арттыруға көмектесіңіз.

Ойыншықтардың арқасында бала ептілікке, қимыл координациясы мен көзбен шолу дағдыларын игереді.

5. Сөйлеу


Баланың сөйлеу қабілеті 18 айдан 21 айға дейін дамиды. Егер сәби бұрын сөздерді құр былдырласа немесе сөздеріңізді қайталай беретін болса, қазір ол «Алма жеймін!» немесе «Жемеймін!» дегенді айтатын болады.

Баланың сөйлеуін ойын түрінде дамытыңыз – телефоннан сөйлесіп отырғандай болыңыз немесе баламен бірге "кітапты" кезектесіп оқыңыз.

Есіңізде болсын, 18 ай мен 21 ай арасында баланың мінезі қатты өзгереді. Сізді оның азаттығы және даму ұмтылысы абыржытуы мүмкін, бірақ ұмытпаңыз – бұның барлығы балаңыздың жеке тұлғасының қалыптасуының жаңа белестері!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.