Алғашқы қадамдар. Жас ананың алған әсерлері

Алғашқы қадамдар. Жас ананың алған әсерлері

27.05.2014

Қызым Полина біреудің көмегінсіз өздігінен жүріп кеткенше бірнеше ай өтті. Бір сәт уайымдасам да, кейіннен мынадай кішкентай аяққа бәрібір аяқ киім табу қиын деген ойдан жеңілдеп қалғандай болғанмен.

Оның туған күнінен кейін шамамен үш аптадан соң, біз әдеттегідей үйімізді айналып серуендеп жүрдік. Ол жақсылап тұрып жүретін, тек мен оны қолынан қатты ұстап, көмектесуім қажет болды. Бірақ тап сол кезде мен оның өз бетімен жүруге әбден дайын екенін түсіндім.

Мен оны ақырын ғана жіберіп қойдым да, өз көзіме өзім сенбедім: ол бір емес, үш қадам жасап жүріп кетіп, құйрығына отырып құлады. Біз қайта-қайта жаттықтыға бастадық. Қызым құлаған сайын өзінің сәтсіздіктері үшін ашулана берді. Мен оған сенімділіктің жетіспей тұрғанын аңғарып, оны барынша қолдауға тырыстым.

Біршама уақыт өткеннен кейін біз қайтадан серуендеуге шықтық, бірақ бұл жолы Полинаның әкесімен бірге үшеуіміз болдық. Мен Полинаның қолынан ұстап тұрдым. Күйеуім әріректеу барып, тізесіне отырып, Полинаны өзіне қарай шақырды. Бұл жолы Полина алдында тұрған мақсатын көріп тұрып, ештеңеден қорықпай, менің қолымды жіберіп, әкесінің құшағына қарай аяғын батыл басып жүріп кетті!

Уақыт өте келе біз қашықтықты ұзарта бердік, ол одан әрі жүре берді. Бұрынғы сенімсіздігінен толық арылды. Менің құшағымнан әкесіне, әкесінің құшағынан маған келіп, рахаттанып жүрді. Таңғажайып көрініс!

Кейіннен жүрген кезде қолын түсіруді үйреніп, тұрған кезде жиһаздарды ұстамай тұратын болды. Қызымыз күн сайын дамып және бізді өз жетістіктерімен қуантып келе жатыр!

Бір жағынан, оның тез өсіп, өз бетінше болып келе жатқаны аздап мұңайтады, ал басқа жағынан қарасақ, бізді қуантатын алдағы қызықтары әлі көп!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.