Сәбидің бірінші қадам жасауға дайындық белгілері

Сәбидің бірінші қадам жасауға дайындық белгілері

Suzanne Dixon

27.05.2014

Балалардың көпшілігі 1 жасқа таман жүре бастайды. Өздігінен жүру сәбилерге жаңа әлемге есік ашады.

Бірақ оның өз аяғына тұру уақыты Сіз үшін нағыз сынақ болуы мүмкін.

Күн режиміндегі іркілістер


Сәбилер жүріп кеткенге дейін түнде шамамен әр төрт сағат сайын жиі ояна беретін болады. Бұзылған ұйқыңыз үшін қапа болмаңыз. Себебі, балаңыз өз өміріндегі маңызды оқиғаға дайындалып жатыр.

Сондай-ақ, қасынан кетіп қалғаныңыз үшін сәбиіңіздің жылағанына да ашуланбаңыз. Ол өздігінен аяғына тұрғысы келеді. Баланың осы әрекеті оның басты мақсаты – тәуелсіз болуға алып келеді.

Сәбиіңіз қандай болады?


Баланың жүруге қалай үйренетіні оның жеке тұлғасы туралы айтып бере алады. Ол ойлана береді және сақ па? Батыл және абайсыз ба? Бұның бәрі соншалықты маңызды емес – жақында балаңыз тәй-тәй басып, жүріп кетеді.

Осы кезеңде балаңызға ыңғайлы бәтеңкелер таңдау керек. Ең жақсысы – тайғанамайтын табаны бар жұмсақ бәтеңкелер. Жалаң аяқ жүргізуге де болады.
Осы керемет жетістік балаға азаннан кешке дейін зымырап жүруге мүмкіндік береді, ал Сіз ізінен әрең қуып үлгіретін боласыз. Баланың төбешіктен төмен қарай сырғуын немесе үйреншікті емес жерде – мысалы, шөптің үстінде жүруін бақылаңыз. Бұның бәрі екеуіңіз үшін де қызықты болмақ!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.