Сәбидің алғашқы қадамдары

Сәбидің алғашқы қадамдары

Cheryl Lock

27.05.2014

Баламыздың бірінші қадамы – ол кезеңдік оқиға. Бала еңбектегеннен жүре бастаған кезде бір даму кезеңінен екінші даму кезеңіне ауысады.

Әр бала өзінің қарқынында дамығанымен, сәбилердің көпшілігі 8 айға қарсы еңбектеп, 9 айдан 17 айға дейін жүре бастайды.

Кейбір балалардың төртаяқтап еңбектеу кезеңін өткізіп жіберетіндігін ескеріңіз. Бұл жағдайда сәби өзін қолымен немесе аяғымен жылжытып көтенімен жүруі немесе ішімен жорғалауы мүмкін.

Ішпен еңбектеу – қалыпты жағдай. Ол жақын арада жүруге дайындалып жатқан бұлшықеттерді нығайтады. Бұл кезең баланы тік тұруға үйретеді. Балаңыз осы дағдыны игерген кезде, оның тек жүруге ғана емес, отыру үшін тізені қалай бүгу керек екендігін көрсету маңызды.

Бала өздігінен тұрғаннан кейін ол бірінші қадамды жасауға тырысады. Бала сенімділік сезінген кезде, бірнеше қадамды жасап көреді. Басында қолынан ұстап, демеуіңізге немесе тепе-теңдікті сақтау үшін жиһазға сүйеуіңізге болады.

Көп ұзамай еңбектеп жүрген балаңыз жүгіріп жүрген тентекке айналады!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.