Баланың  жылауына түрткі болатын 6 себеп

Баланың жылауына түрткі болатын 6 себеп

Cheryl Lock

21.05.2014

Баланың жылауының қашан да себебі болады. Мейлі ол қарын ашу болсын немесе өзіне назар аударту болсын. Төменде бала жылауының бірнеше себебі және оны қалай жұбатуға болатыны келтірілген.

1. Бала қуатты


Таң қаларлық жайт, бірақ бала бойында күш-қуат көп жиналса, оны жылау арқылы шығаруы мүмкін. Бала тоқ және жайлы отырса да, оның белгілі бір уақытта мазасыз болып кеткенін байқаған боларсыз.

Егер осындай эмоциялық ашу үстінде бала сергек көрінсе немесе шамалы уақытқа ұйықтап қалса, онда бұл баланың бойындағы артық қуатты шығарғаны деп білерсіз.

Өкінішке орай, бала қуатты шығару мақсатында жылаған кезде жұбату оңай емес.

Бірақ қапа болмаңыз: егер бала артық энергияны шығару үшін жылайтын болса, шамалыдан кейін өз қалпына келеді.

2. Аш бала


Қарны аш баланың жылауын басқа жылаудан ажыратып алуға болады. Ашыққан баланың даусы бәсең және қысқа болады, бір көтеріліп, бір түседі. Егер жылау дәл осындай болса, оған тамақ беріп көріңіз.

3. Бала риза емес


Егер баланың жылау үзік-үзік естілсе, демек ол бірдеңеге ренжіген. Оны басқаша отырғызып көріңіз немесе жатқан болса, қолыңызға алып көріңіз. Жатқан күйін өзгерту кейде жылауды тоқтатуға себеп бола алады.

4. Баланың бір жері ауырып тұр


Ұзақ тоқтап қалып, тұйық ыңырсумен ілесетін аяқ астынан қатты жылау баланың ауырсынып жатқандығын білдіреді. Егер осындай жылауды естіген болсаңыз, жайсыздық неден болып тұрғанын анықтаңыз.

5. Бала өзін тыныштықта қалдырғанын қалайды


Балаңыз тәтті, сондықтан Сіз оны құшақтап, сүйіп, айналдыра бергіңіз келеді. "Маған тыныштық беріңіздерші" деп жылаған даусы, аш баланың жылағанына ұқсайды. Сіз тамақтандырып болғаннан кейін де, ол қысқа және бәсең дауыспен жылай беретін болса, бір өзін қалдырып көріңіз.

6. Желденген бала


Сағат 18.00 бастап түннің бір уағына дейін балаңыздың тұрақты түрде мазасызданғаны байқалатын болса, оның іші желденіп қалуы мүмкін.

Іші түйіліп ауыратын балалардың 20% күндіз қатты және тоқтаусыз жылап, аяқтарын созып, ішіндегі желді шығарады.

Өкінішке орай, бұны нақты түсіндіруге болмайды. Егер балаңыз желденіп қалған деп ойласаңыз, (егер баланы емізетін болсаңыз) желденуді тудыратын сүт өнімдері, кофеин, жуа секілді тамақтарды рационнан шығарып тастаңыз.

Кейде емізік те жеңілдік алып келеді. Сондай-ақ, баланы құндақтап, ішімен жазқызып, арқасын сипалап, ауруды жеңілдетуге болады.

Егер ештеңе көмектеспей жатса, педиатрға көрсетіңіз. Жылап жатқан баланы тыныштандыру үшін келесіні жасап көруге болады:

• Тербеу
• Құндақтау
• Машинамен жол жүру
• Ырғақтық шу немесе діріл
• Жылы ванна
• Кекірту

Балаға алғашқы айдан бастап қаншалықты жақын болсаңыз, оның не себептен жылап тұрғанын соншалықты тез ұғынып, тез жұбата алатын боласыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.