Жасанды емізу

Жасанды емізу

Suzanne Dixon

27.05.2014

Көптеген жас аналардың қандай да бір себептермен баланы емізуге мүмкіндіктері болмайды. Бірақ уайымдамаңыз, бәрі бір Сіздің балаңыз қажетті пайдалы заттарды алып, қамқорлық пен жылулықты сезінетін болады. Міне, бірнеше қарапайым кеңес.

Сәбиді бөтелкеден емуге үйрету жолдары
Туғаннан кейін нәрестені бастапқы екі-төрт апта ішінде өзіңіз емізіп көріңіз. Балаңыз бастапқыда бөтелкеден бас тартып, оны аузына алғысы келмесе, таң қалмаңыз. Тіпті бөтелкеде өзіңіз сауып алған сүтіңіз болса да, Сіздің емізуіңізді сұрауы мүмкін. Сондықтан, бірнеше рет баланы басқа біреудің бөтелкемен емізуін сұраңыз.

Қанша қосымша бөтелкесі болуы қажет

Әр түрлі өлшемдегі бірнеше бөтелкені алып қойсаңыз, уақытыңызды айтарлықтай үнемдеп, жағдайыңызды жеңілдете аласыз. Олай болмаған жағдайда бір бөтелкені қайта-қайта жуып, зарарсыздандырып әуре бола бересіз.

Сәбиді қандай қалыпты емізген дұрыс
Сәбиді бөтелкеден тамақтандыруға арналған бірнеше ыңғайлы қалып бар. Қандай қалыпта болмасын, басын демеп отырыңыз.
• Бала кереуетте бүйірлеп жататын болса, бас жағына бірнеше бүктелген жаялықты қоюға болады. Қасына отырып, бөтелкені 45 градусқа еңкейтіп ұстаңыз.
• Балаңыз тізеңізде жататын болса, басын бір қолмен демеп, екінші қолмен бөтелкені ұстаңыз.
Маңызды нәрсе: бөтелкедегі емізікте сүттің болуын бақылаңыз. Бала құр ауаны жұтып жатпасын.

Жасанды қоспалар
Балаға арнаулы балалар қоспасын беретін болсаңыз, сіңімділік қасиеті барынша ана сүтіне жақын келетін өнімдерді таңдаңыз. Оларды дайындау кезінде қарапайым сиыр сүтін қорыта алмайтын сәбидің ас қорыту ерекшеліктері ескеріледі.

Ана сүтін қорға жинау
Сіз жұмысқа шықпақшы немесе қандай да бір жұмыстармен айналыспақшы болсаңыз, балаңызды өз сүтіңізбен емізуді жалғастыра беруіңізге болады. Ол үшін Сізге сүтті күніне 1 – 2 рет сауып беру керек.
Сонда да, кешкілік уақытта балаға емшек бере беріңіз. Біріншіден, бұл балаңызға жақын болып, сағынышты басу үшін керек, екіншіден, мейірленсеңіз, сүт көбірек пайда болады.

Сүтті қолмен де, дәріханадан сататын арнаулы құралмен де саууға болады.

Аса қажет болған жағдайда, емшек сүтін тіпті мұздатқышта қатырып қоя аласыз. Әрине, ол өзінің пайдалы қасиетінің бір бөлігін жоғалтады, бірақ сонда да сіңімді заттардың тиімді теңгерімін сақтайды. Сүтті бөлме температурасында ерітіп беріңіз, бірақ қайтадан қатырмаңыз.

Сәбиіңіз әрдайым тоқ және мәз болсын!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.