Қарын ашу белгілері (және не істеу керек)

Қарын ашу белгілері (және не істеу керек)

Winnie Yu

27.05.2014

Ана да, бала да әр түрлі болады. Баланы ана сүтімен немесе сүт қоспасымен тамақтандыру шешімі өзіңізге байланысты болуы керек. Баланы ана сүтімен емізбекші болсаңыз, бұл алғашқысында оңай болмайды. Тамақтандыру үрдісі туралы тәжірибе жинасаңыз, бұл балаға да, Сізге де қуаныш әкеледі.

Сүттің мөлшерін жеткілікті деңгейде ұстау


Сүт жеткілікті болсын десеңіз, сау тамақ, көп сұйықтық пен демалыс керек болады. Кальций және Д дәрумені секілді кейбір сіңімді заттар аса қажетті болады. Себебі, баланы емізгенде ананың сүйектік массасының азаюына алып келеді.

Кальций мен D дәруменін майсыз сүттен, йогурттан, ірімшіктен және дәрумендермен байытылған ботқадан ала аласыз.

Бала емізгеннен кейін аш көрінсе және сүтіңіз таусылып қалғандай болса, сұйықтықты көп ішіп, көп демалыңыз. Уақыт өте келе жаңа туған баланың қажеттіліктеріне үйренетін боласыз.

Есте сақтаңыз: егер бала жиі сиіп, дәреті тұрақты болса, бұл баланың сүтті жеткілікті түрде еметіндігін білдіреді.

Уақытты үлестре білу аса маңызды


Алғашқы күндері баланы емізіп жүрген кезіңізде бала Сізге әрдайым аш болып көрінуі мүмкін. Кестені сақтау тәртібінен қорықпаңыз. Егер сәбиіңіз ұзақ ұйықтайтын болса, оны тамақтандыру үшін оятып алыңыз. Бала қаншалықты көп емсе, сүт соншалықты көп болады. Бұдан басқа, бала тек емшекті емсін десеңіз, алғашқы апталарда емізікті пайдаланбаңыз.

Аш күйдің белгілері


Нәрестені ол аш болған кезде ғана емізу керек. Ал ол оның жылауына байланысты болады. Жаңа туған балалардың асқазаны тар болғандықтан және сәби бір емгенде көп еме алмағандықтан баланы 24 сағатта 10-12 рет емізген жөн.

Нәрестенің аш болу белгілері:
• Негізгі рефлекс пайда болады (бала көзін ашып, емшекке қарай басын бұрған кезде)
• Бала Сіздің емшегіңізге тығылады
• Сору қимылдарын жасайды
• Сәби саусағын аузына апарады
• Жылайды

Алғашқы бірнеше күндер


Босанғаннан кейін емшегіңізден уыз деп аталатын бір сары заттың шыққанын байқайсыз. Бұл нәрестеңіздің алғашқы тамағы. Уыздың құрамында ақуыз және аурумен күресетін антиденелер бар. Нағыз емшек сүті бала туғаннан кейін бірнеше күннен соң келеді.

Көптеген перзентханаларда емшекпен емізу бойынша сабақ өткізіледі немесе алғашқы кезеңдерге көмектесетін сүт шығару жөніндегі маман болады. Міне, бұл жақта баланың дұрыс емуін және емшекті аузына дұрыс алуын бақылау негіздерін үйренуге болады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.