Сәбидің алғашқы 4 жетістіктері

Сәбидің алғашқы 4 жетістіктері

Jennifer Kelly Geddes

27.05.2014

Жас ананың әр күні – тек қуана беретін жайт болмақ. Бірақ күндердің бір күнінде, балаңыз өз дамуының жаңа бір белесінен өтеді, ал Сіз туысқандарыңыз бен достарыңызға телефон соғып, қуанышыңызды бөліскіңіз келеді!

Бірінші тамақтандырғаннан бастап, бірінші қадамға жасағанға және бірінші сөзді айтқанға дейін балаңыздың маңызды жетістіктерін есте қалай сақтауға болатындығы туралы айтып береміз.

Бірінші рет ересектерше тамақ ішу


Қосымша тамақты енгізу (бұл кезеңнен сәбилер 4 айлықта өтеді) – бұл сәбиіңіз үшін дәмді, қуанышты әрі бет-аузын ламайлайтын сәт. Осы қуаныштың құрметіне бетіне жағылып қалған банан ботқасымен болсын, шашына жабысқан ірімшікпен болсын балаңыздың тамақпен түскен бірінші суретін фотосайтқа шығарып көріңіз. Бірінші тағамдарының жарқын фотосуреттері жай ғана көркем сурет болып қана қоймай, баланы немен тамақтандырғаныңызды еске түсіріп отырады. Өйткені, педиатрлар балалардың аллергиялық әсерін туындатып алмау үшін тамақты қадағалап беруді кеңес етеді.

Бірінші тіс


Сәбидің бірінші тісі туралы айтар болсақ, әр баланың тісі әр кезде шығады. Бірінде 4 айда шықса, екіншісінде 1 жылдан кейін шығуы мүмкін. Баланың тісі шыққан сайын суретке түсіріп, бұл жайында Сәби кітабына жазып қойыңыз. Бірақ бұнымен тоқтап қалмасын, ең жақын дәріханаға барып, сәбиге арналған тіс қылсабын сатып алыңыз.

Сізге оның тісін тазарту тым ерте болып көрінуі мүмкін. Бірақ ерте жастан тісті тазартуға
дағдыландыру, оның болашақта тісжегісінен аман болуға көмектеседі.
Бала екі жасқа толғанда педиатрдан балаларға арналған тіс пастасын пайдалануға бола ма, жоқ па, соны анықтап алыңыз.

Алғашқы қадамдар


Сәбиіңіздің жасаған алғашқы
қадамдары үшін қуаныш тек балаңызды мақтан тұту сезімімен ғана теңесуі мүмкін.

Көптеген балалар шамамен бір жасынан бастап жүре бастайды. Бірақ жүру мерзімінің шегі 9 айдан бастап 15 айға дейін ауытқуы мүмкін. Баланың бірінші қадамдарын бейнеге түсірумен бірге балаларға арналған бояу арқылы балаңыздың табанын картонға
түсіріп алыңыз. Күнін көрсетіп, оны әдемілеп безендіріп қойыңыз – сол кезде ол ерекше әсермен есте сақталатын болады.

Бірінші сөз


Сәбиіңіз бірінші рет «әке» деді ме, не болмаса иттің атын атағысы келді ме? Қандай жағдай болса да, оның бірінші сөзін 12 айдан 15 айға дейін естіп қалуыңыз мүмкін, сондықтан барлығын мұқият жазып алу үшін бейнекамераңыз бен күнделігіңізді дайын ұстаңыз.

Баланың айтқан әрбір жаңа сөзін
жазып алыңыз, өзіңізге және оған ол бір керемет естелік болады.

Егер бірдеңені жіберіп алсаңыз, қапа болмаңыз


Сәбиіңіз бірінші қылығын көрсеткен кезде қасында болмай қалдыңыз ба? Бірінші асқабақ ботқасын жолдасыңыз беріп, алғашқы қадамын бірінші болып күтуші көріп қойса да, алдағы уақытта барлық қызықтарын тамашалайтын талай кез келеді. Алдағы уақытта кішкентайыңыздың тәй-тайлағанын көріп қана қоймай, тамағын беріп, жаңа сөздерін еститін боласыз.
Кім білген, мүмкін оның келесі сөзі «мама» болар!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.