Баланы аунауға қалай үйретуге болады

Баланы аунауға қалай үйретуге болады

27.05.2014

Сәбидің арқасынан бүйіріне қарай аунауы – бұл баланың қозғалыс әлеміне ашқан есігі. Баланы шын мәнінде аяғына нық қою үшін үш кеңесті пайдаланыңыз!
Аунау – баланың өздігінен орын ауыстыруының бірінші тәжірибесі және ұлы істердің бастамасы.
Баланың қашан аунау керек екенін және оның қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болатынын біліп алыңыз.
Балалар аунауды қашан үйренеді?
Бөбек 3 айда арқасынан ішіне қарай аунаса, ішінен арқасына қарай 6 айдан бұрын аунамайды екен. Бөбегіңіз әлі аунамай жатса, оны бақылап көріңіз, себебі оның аунау алдында жасайтын қимыл-қозғалыстарын байқап білуге болады. Мысалы, балаңыз ішімен жатқан кезде басын көтеріп, қолын тіреп, жерден кеудесін көтеруі мүмкін. Ол сондай-ақ, ішімен жатып, тербеліп, аяғымен алға қарай ытқып, жүзіп жатқандай қозғалуы мүмкін.
Бұл Сіз үшін де, сәбиіңіз үшін де ең қызықты кезең болары хақ. Себебі, сәбиіңіздің міндеті жаңа дағдыны игеру болса, Сіздің міндетіңіз оны ынталандыру болып табылады. Ақырында, ол аунауды үйренген кезде екеуңіз үшін де есте қалатын ғажайып сәт болады.
Сәбиіңіздің аунауына көмектескіңіз келсе, ол үшін арнайы тәсілдер бар:
1. Балалар ойыншығын пайдаланыңыз. Баланың сүйікті ойыншығын қол созып алғысы келетіндей етіп, сәл алыстау қойыңыз. Ол не істеп жатқанын түсінбесе де, ойыншықпен ойнағысы келген соң, оған созылып, аунауға еріксіз үйренуі мүмкін.
2. Ішпен жату
Бөбегіңіз ішпен жатқан кезде қолын тіреп, басы мен кеудесін көтеріп көруге тырысады. Бұл баланың аунау техникасын игеру кезінде көмектесетін маңызды дағдысы болып табылады.
3. Өзіңіздің таң қалғаныңызды көрсетіңіз
Бала бірдеңені дұрыс істеген кезде қуанышты эмоцияңызды аямаңыз. Қимыл-қозғалыстар сәбидің денесін шынықтырып, ақырында аунауына себеп болады.
Қашан да болмасын, абай болыңыз – бала кез-келген уақытта аунауы мүмкін. Сондықтан, баланы құлап қалмас үшін кереуетте немесе құндақтау үстелінде қараусыз қалдырмаңыз.
Бір рет аунағаннан кейін балаңызды тоқтату қиын болады! Аунау ісі кейіннен еңбектеу ісіне ұласуы мүмкін. Бірақ кейбір сәбилер аунауды жақсы көріп, төртаяқтап еңбектегеннен гөрі, еденде жатып аунағынды немесе ішімен сырғанағанды жақсы көреді.
Қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту туралы маңызды ескерту: көптеген балалар 6 айлық жасынан бастап аунай бастайды. Әр бала өзінің жеке қарқынында дамиды, бірақ өзіңізде қандай да бір алаңдаушылық болса, дәрігерге қаралған абзал.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.