Жылап жатқан шала туған баланы жұбатудың 3 тәсілі

Жылап жатқан шала туған баланы жұбатудың 3 тәсілі

Jennifer Kelly Geddes

27.05.2014

Жылау – баланың сөйлесу құралы және бұл кез-келген балаға қатысты болатын бұлтармас жайт. Баланың жылауы жаңа босанған ананы қорқытып, алаңдатуы мүмкін, алайда сәбидің жылауы мен шыңғыруы қалыпты жағдай екенін ескерген жөн.

Мерзімінен бұрын туылған нәресте мерзімі жетіліп туылған нәрестеге қарағанда ұзағырақ және жиі жылауы мүмкін. Сондықтан, баланы тыныштандыру үшін Сізге шыдамдылық көп керек болады.

Құшағыңызға алыңыз

Мерзімі жетілмей туған сәбиіңіздің денесіне денеңіз тиіп, жақын жатсаңыз, ол өзін әлдеқайда сенімдірек сезінеді. Ол анасының (немесе әкесінің) кеудесінде жатса, өзін жақсы сезініп, жүрек соғысы тұрақталып, тәбеті жақсарып, салмақ қоса бастайды.

Ыңғайлы креслосы бар оңаша жерді тауып алып сәбиіңіздің денесіне денеңізді тигізіп, киімнің астына салып отырыңыз. Баланың денесінде жөргектен басқа ештеңе болмауы тиіс. Сіздің денеңіз оны жылытатын болады.

Дұрыс жарықтау
Үйге келмес бұрын шала туылған сәбилер алғашқы күндерін немесе алғашқы апталарын қарқынды терапия бөлімінде өткізетін болады және Сіздің де ауруханадағы ортаға үйреніп қалуыңыз ғажап емес.

Бұндай сәбилер музыка немесе бірқалыпты «таза шуыл» тыңдаса тез тынышталады. Бір жағынан, кейбір мерзімі жетілмей туған сәбилер ауруханада көріп, естуі мүмкін жарық пен дыбысқа аса сезімтал болады, сондықтан, баланың реакциясын аңдыңыз, мүмкін, бөлмеде жарықты азайту керек шығар.

Ең бастысы – бойыңызды бос ұстаңыз

Көптеген сәбилер өздерін құндақтап жатқанды жақсы көреді, бұл оларға анасының жатырында жатқандай тыныштық пен жайлылық сезімін сыйлайды. Мерзімі жетілмей туылған сәбилер құндақтаудан қосымша жылу мен тыныштық алады. Сондықтан, балаңыз мазасызданып жатқан кезде, оны жұмсақ қөрпеге құндақтап көріңіз. Педиатрыңыздан балаға емізік беруге бола ма, жоқ па екенін сұрап алыңыз – емізік көптеген балаларды тыныштандырады.

Сізге өз сәбиіңіздің мінезі мен әдетін білу үшін біраз уақыт керек болады. Сондықтан, оны бірден жұбата алмасаңыз қапа болмаңыз. Көп ұзамай балаңыздың жылауын ажырата алатын боласыз. Дегенмен, баланың жылауына байланысты уайымдайтын себеп болса, қосымша кеңестер бере алатын кезекші дәрігерді шақыруға болатынын естен шығармаңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.