Шала туған бала үйге келді: біздің кеңестеріміз

Шала туған бала үйге келді: біздің кеңестеріміз

19.03.2014

Алақай, әйтеуір мерзімінен бұрын туған сәбиіңіз ауруханадан шығуға дайын! Оның үй жағдайына келуіне дайындалу үшін Сізге мынаны білу керек.
Шала туылған бала стационарда бірнеше күн немесе бірнеше апта жатқанына қарамастан, үйге келу мүмкіндігінің болуы – бұл енді үлкен жетістік. Сіз өзіңізді еркін сезініп, осы оқиғаны айы-күні жетіп туылған сәби келген сияқты тойлауыңыз керек (әуе шарлары, әдемі құттықтау жазулары және т.б.), сонымен қатар сақтық шараларының бірқатарын қабылдау керек.
Мерзімінен бұрын туылған сәби өмірінің бірінші аптасы мен айларында күтімді және көңіл бөлуді (және Сіздің жаныңыздың тыныштығын сақтауды) көбірек талап етеді, мына кеңестерді есте сақтаңыз:
Тыныштық және сабырлылық
Сәбидің үйге келуіне байланысты Сіздің алаңдауыңыздың толық негізі бар, бірақ есіңізде болсын, ол қазір Сізбен бірге болса, оны дәрігер мақұлдаған деп біліңіз. Сәбиді ауруханадан шығарды, себебі оның өкпесі өз бетімен тыныс ала алады, емшектен немесе бөтелкеден емуге қабілетті және салмақ қоса бастады.
Педиатр Сізге балаға күтім жасау бойынша барлық қажетті ақпаратты береді, бірақ Сізде сұрақтар туындаса, Сіз оған әрқашан да қоңырау шала аласыз.
Белдікті тағыңыз
Шала туылған сәбилердің көпшілігін үйге автобесікпен жеткізуге болады, дегенмен кейбіреуіне арнайы кереует талап етіледі (егер баланың тыныс алуында қиындықтар болса). Аурухананың медициналық персоналы сәбидің көлікке қалай орналасқандығын – барлығының дұрыстығын, оған ыңғайлы болуын бақылап және Сізге қажет болған жағдайда көмектесе алады.
Кейбір автобесіктерді баланың басы дұрыс ұстайтындай етіп реттеу талап етеді (креслоны орнату және қолдану кезінде өндірушінің нұсқауларын міндетті түрде сақтаңыз).

Тыныш, сәби ұйықтап жатыр!
Шала туылған сәбилердің барлығы шуды және жарықты бірдей ауырсынып сезбейді, бірақ бірінші аптаны тыныш жағдайда өткізген дұрыс. Өзіңіз қалыпты режимге келіп және өзіңізді қолайлы сезінгенге дейін отбасыларыңыздың мүшелеріне және достарыңызға біраз күте тұруларын сұраңыз.
Шала туылған сәбидің иммундық жүйесі әлі де қалыптасып жатқандықтан барлық қонақтар сәбиді көрер алдында қолдарын жууы тиіс (ал суық тиген адамдар келуін тоқтатқаны жөн).
Сіздің кішкентай періштеңіз тұрақты тұратын жеріне келгеннен кейін өзіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Жаңадан ана болу – мұның өзі бір күйзеліс, ал шала туылған сәбидің ата-анасы үшін бұл одан да қиын. Сондықтан ескі ережені сақтауға тырысыңыз – сәби ұйықтаған кезде ұйықтаңыз, ал үй тіршілігімен жақындарыңыз айналыссын.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.