Шала туған балаға массаж жасау техникасы

Шала туған балаға массаж жасау техникасы

19.03.2014

Уқалау Сіздің сәбиіңіздің босаңсуына және тынышталуына, эмоциялық және дене күшін басуға және оның ұйқысын жақсартуға көмектеседі. Ол асқазан-ішек жолының – желдің шығуы, іштің қатуы, іштің бұрап ауруы сияқты қиындықтарын жеңілдетеді. Сонымен қатар, уқалау мұрынның бітуін және көздің былшықтанып жабысып қалуын кетіреді.
Шын мәнінде, уқалау сәбидің барлық өмірлік маңызды жүйелерін қозғайды да, дені сау болып өсуіне және жетілуіне септігін тигізеді!
Уқалау манипуляциялары шала туылған балаларға да жасалуы мүмкін. Дегенмен, шала туылған балаға уқалауды жасамастан бұрын өзіңіздің дәрігеріңізбен немесе медбикемен ақылдасыңыз, содан кейін ауруханаларыңызда Сізді дұрыс уқалауға үйрететін балаларға арналған уқалау жөніндегі маманның бар-жоғын сұраңыз.
Уқалауды жасамастан бұрын баланың байланысқа дайын екендігін және оны дұрыс қабылдайтындығын түсіну маңызды.
Негізгі сәттер
Сіз сәбиіңізге жақындау жағымды болатын дене бөлігінен бастаңыз. Ең бірінші кезекте бұл басы, қолы және табаны.

• Уқалауды әрқашан сәбидің әрекетіне қарай отырып, бастаңыз. Баланың қарны өте ашпаған, сонымен бірге қатты тоймаған кезде, тамақтану аралығындағы үзілістерде жасаған дұрыс. Егер сәби өзін жайсыз сезінсе немесе уқалауға дайын болмаса, оны Сізге білдіреді.
• Қолмен жайлап жұмсақ сипалау арқылы бастаңыз.
• Қозғалыстар баяу және оңды эмоциялық мәнермен ырғақты болуы тиіс. Саусақтың ұшымен жылдамдатып үзік-үзік тигізу баланы тітіркендіруі мүмкін. Жеңіл сипалауға ұқсас баяу жанасу әдетте барынша тыныштандыратын әсер береді.
• Баяу сипалауды бір рет жасап көріңіз.
• Сіздің балаңыз уқалауды дұрыс сезінген кезде ғана уқалауды жалғастырыңыз. Егер Сіз сәбидің тым сезгіштігін байқасаңыз, баяу сипалауға оралыңыз.
Аяқты қалай уқалау керек
1. Баладан рұқсат сұрап, уқалауды бастаңыз.
2. Баланың денесінің уқалағыңыз келетін бөлігін ғана жалаңаштаңыз. Оның қолы бос болмайтындай және өзін жайлы сезінетіндей баланың қолына не төсек жайылымын немесе жаялықты ұстатыңыз. Егер ол кенет оларды тартатын болса, аяқ астында тіреуіш барына көз жеткізіңіз. Көптеген балалар арқасында жатып, өздерін жайсыз сезінеді, сондықтан төсекте немесе баланы орайтын жерде баланы бір жақ бүйірімен жатқызуға болады. Егер бала Сізге жақынырақ болғысы келсе, тура алдыңызға, тамақтандыруға арналған жастыққа жатқызыңыз.
3. Қолыңызды майдың шамалы мөлшерімен майлап алыңыз.
4. Баланың бір аяғын бүгіңіз, оны денесіне қарай апарыңыз және ұстап тұрып, алақаныңызбен табанын нәзік ұстаңыз. Сіздің жылы қолыңызда бала табаны босаңсиды. Осындай түрде, ол жылуыңызды және қолдауыңызды сезініп, тыныш күйді сезінеді.
5. Алақаныңызбен бала аяғын тірей отырып ұстап тұрыңыз. Кішкентай ғана табанының бойымен өкшеден бастап, аяқ башпайларының ұшына дейін табанды баяу уқалаңыз. Егер қолды уқалайтын болсаңыз, онда алақанның сыртқы жағынан бастап, баланың саусақтарына дейін уқалауды аяқтай отырып, осы процедураны қайталаңыз.
6. Баланың аяғын 5-тармақта көрсетілгендей бекітіңіз. Баланың тізе жақтарын (немесе қолды уқалайтын болсаңыз, білекті) баяу шеңбер тәрізді қимылдармен уқалаңыз.
7. Аяқты ұстап тұрып, баланың әрбір саусағын басып уқалаңыз (абай болыңыз, табанын қытықтамауға тырысыңыз). Егер оның саусақтары уқалауға өте сезімтал болса, онда ең дұрысы - олар босаңсып шығатындай барлығын бірге қысыңыз. Немесе өзіңіздің жылы қолыңызбен баланың саусақтарын жай ғана сипап шығыңыз.
8. Өзіңіздің бас бармағыңызды немесе сұқ саусағыңызды баланың аяқ башпайларына немесе астына қойыңыз да, осы жерді үш рет сәл ғана басыңыз.
9. Баланың табанын толықтай қолмен ұстаңыз, тобық буыны мен табанның қатуын босату үшін оның тобығын баяу айналдыра сипаңыз.
10. Бұл шараны табаннан бастап, балтырына қарай бағыттай отырып, табанның жоғарғы жағын толықтай (немесе қолды уқалайтын болсаңыз, алақанның сыртқы жағын) сәл шапалақтап шығып аяқтаңыз.
11. Баланың аяғын алақанмен ұстап тұрып, қалай нәзік көтердіңіз, солай жіберіңіз.
12. Уқалағаннан кейін оған башмақайды немесе шұлықты кигізе отырып, баланың аяғын жылыда және босаңсыған күйде ұстау қажет. Бірге әлдебір маңызды іс жасағандығын және уақытты жақсы өткізгендігін бала түсіну үшін балаңызға «рахмет» деп айтыңыз.
Ескерту
Уқалау ұзақтығы баланың көңіл-күйіне байланысты болады. Әдеттегі, дененің бір мүшесін уқалауға бір немесе екі минут уақыт жеткілікті болады.
• Уқалау сергітетін және босаңсытатын болады, сондықтан баланың шамадан тыс қозу белгілерін қадағалаңыз.
• Егер бала шаршап тұрғандығын байқасаңыз немесе ауырып тұрса, онда уқалаудан бас тартыңыз.
• Егер бала жақын арада қарқынды терапия бөлімінен шығарылған болса, онда ол уқалауға әлі де әлсіз болуы мүмкін.
• Баланың белгі беруін және сезіну күйін қадағалау – қауіпсіз және нәтижелі уқалаудың кепілі. Баланы уқалайтын маманнан осы жөнінде айтып беруін сұраңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.