Әр отбасыға қажет балалар жабдығының  негізгі 5 заты

Әр отбасыға қажет балалар жабдығының негізгі 5 заты

Melainie Edwards

27.05.2014

Рюкзак-кенгуру

Сапалы, берік және ыңғайлы кенгуру-рюкзагы қолыңызды босатып қана қоймай, көтеріп жүрген балаңызға Сіздің қасында екенін түсінуге мүмкіндік беріп, жыламауына себепші болады. Оны үйден басқа шаруалармен шыққан кезде ғана пайдаланып қоймай, үйдің ішінде жүргенде де пайдалануға болады.

Өзіңізге ыңғайлысын таңдап алу үшін дүкенде бірнеше үлгілерін өлшеп көріңіз.

Балаларға арналған кітапшалар

Балаңызда сандық толы ойыншық болмаса да, кітапшалардың болуы міндетті. Дауыстап оқу – баланың сөйлеу, сондай-ақ тыңдау қабілетін дамытудың және сөздік қорын толықтырудың жақсы тәсілі.

Құндақтауға арналған тақта

Үйіңізде орын аз болып, құндақтау үстелін қоятын жер болмаса, уайымдамаңыз. Арнаулы тақтаның арқасында кез-келген беткі жақты балаңызды құндақтауға және күтуге арналған ыңғайлы жерге айналдыра аласыз.

Тақтаны тұрақты түрде жуып тұрыңыз, әсіресе, жөргектерді ауыстырған кезде ластанған болса.

Балалар жабдықтарына арналған сөмке

Балалар жабдықтарына арналған берік, әмбебап сөмке – алғашқы бірнеше жылда айнымас серігіңіз болады. Бесікарбаға арналған бекітпесі бар, емізік пен сүйікті ойыншықты оңай таба салуға болатын қолайлы бөлімшелері бар үлкен сөмкені таңдаңыз.

Кеңес: осы сөмкені ұзақ уақыт ұстайтын болғандықтан, жақсы түсін таңдаңыз. Ол сөмкені жолдасыңыз да ұстайтын болса, оның да пікірін ескеріңіз.

Көкірекшелер

Көкірекшелерді көп етіп алып қойыңыз. Ол әр тамақтандырған сайын баланың киімін таза сақтап, үстелді немесе баланың ластанған қолын сүрту үшін керек болады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.