Балалар бөлмесін жабдықтау

Балалар бөлмесін жабдықтау

19.03.2014

Баланы құндақтау үстелі? Тексеру қажет. Төсек, матрас және бала жаялығы? Тексеру, тексеру және тағы да тексеру қажет.
Бала бөлмесіне арналған ең негізгі заттарды сатып алғаннан кейін тізімді тағы бір рет қарап шығып, балаңыздың өмірін одан да жайлы ететін және оған алдағы уақытта дамуға көмектесетін маңызды заттармен толықтыру қажет.
Сізге және балаңызға бала бөлмесінде кітап оқып, ойнап, тамақтанып немесе жөргекті ауыстыра отырып, көп уақыт өткізуіңізге тура келеді. Сондықтан, айналадағы кеңістік мүмкіндігінше ыңғайлы болуы қажет. Ең қажетті заттарды сатып алғаннан кейін бөлмеңізде балаға, анасына жайлы болатындай қосымша заттарды сатып алудың жөнін ойластыру керек.
Тербелмелі кресло және үстел
Баланы емізгенде немесе құшақтап отырғанда, бірге көп уақыт өткізесіз – ол сондай керемет! Ана құшағы – баланың жағымды эмоциялық жақындық сезімін қалыптастырып, дамытудың ең жақсы әдісі.
Сенімді тербелмелі кресло немесе дөңгелекті кушетка қолдағы баламен бірқалыпты және жұмсақ тербелуге көмектеседі. Креслоның жанына балаға беретін құтыны, сондай-ақ, өзіңізге арналған суды немесе тамақты оңай алатындай шағын үстелді қоюға болады.
Желдеткіш
Сергітетін самал жел Сізге және жаңа туған балаңызға, тура және ауыспалы мағынада, қызып кетпеуге көмектеседі. Желдеткіштің бірыңғай ызылдаған дауысы бала жатырда болғанда еститін ақ шуылға ұқсайды. Туылғаннан кейін осы дыбыс бала қозып тұрғанда балаңызды тыныштандыра алады.
Мобиль
Ашық түсті әдемі мобильді таңдаңыз. Ол балаңызға көп көрім қуаныш әкеліп қана қоймайды – оның ашық түсті реңктері бала миының ерте кезеңдегі дамуына көмегін тигізеді.

Музыкалық күйтабақ ойнатқыш
Бала бөлмесінде жағымды тыныштандыратын әуенді тыңдау ұйықтар алдында Сізді және баланы тыныштандырады. Жарты жылға дейін балаңыз бір орындаушыны басқасынан айыра алмайды, бірақ ырғақ ауысымы мен дыбыс алуандылығы кішкентай мидың жұмыс істеуіне жағымды әсер етеді.
Кітап, кітап, көбірек кітап
Балаңыздың өмірінің алғашқы бірнеше аптасында немесе айында бала бөлмесіндегі сөрелерде тұрған түрлі түсті кітаптар Сізге тек сәндік үшін тұр деп елестеуі мүмкін, бірақ осы кездегі кітаптар – интерьер құрамының бір бөлігі ғана емес. Дауыстап кітап оқу бала жасына қарамастан оған жаңа лексиканы тануға және себеп-салдарды байланыстыруға көмектеседі. Әрине, балалар бөлмесінің ең жақсы «керек-жарағы – ана мен әке! Уақытыңыздың мүмкіндігіңізше көп бөлігін бала бөлмесінде өткізіңіз. Балаңыздың бесігін үлкенірек кереуетке ауыстырған кезде өмірінің алғашқы күндері мен апталары туралы естеліктерді қастерлей еске түсіресіз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.