Баланы үйге алып келгенге дейінгі 12 мәселе

Баланы үйге алып келгенге дейінгі 12 мәселе

Loraine Stern

27.05.2014

Алғашқы апталарда Сізге үйде оңай болмауы мүмкін. Бұдан басқа, бала екеуіңіз де өз-өзіңізге келіп қана қоймай, бір-біріңізді танып білуге, отбасылық қатынасты құруыңыз қажет.
Жаңа ата-аналар нәрестемен бірге үйге келген кезде абдырап, сыртқы әлемнен қол үзіп кетеді. Егер сырттан келер көмекті пайдалансаңыз, осы күндердің қиындығын азайта аласыз. Басты күнге дейін төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін уақыт табыңыз, сонда алдағы қиындықтармен күресу әлдеқайда жеңіл болады!
1. Перзентханадан келгеннен кейін шаруашылыққа кім көмектеседі?
2. Ол адам не істейді? Тамақ дайындай ма? Кір жуа ма жоқ әлде Сіздің тапсырмаңызды орындай ма?
3. Ол адам тәуліктің қай уақытында келіп тұрады?
4. Жұмыстарға қашан кірісе алады? (неғұрлым ерте болса, соғұрлым жақсы)
5. Ол Сізге қаншалықты ұзақ уақыт көмектесе алады?
6. Сіздің босануыңыз туралы әңгімелерді айта алатындай туысқандардың қайсысы тыңдай алады және тыңдап отырғанды жақсы көреді?
7. Еміздіруді реттеп алуда кім көмектесе алады?
8. Сізге психологиялық көмек көрсетіп, өзіңізге деген сенімді арттыратын адамыңыз кім?
9. Сәбимен барынша көп уақыт өткізіп, тұрмыстық іске күшті аз жұмсау үшін күн тәртібін қалай ұйымдастыруға болады?
10. Телефонға қалай жауап бересіз және қонақтарды қалай қабылдайсыз?
11. Күндізгі ұйқыға уақытты қалай табуға болады?
12. Телефонмен әңгімелесу уақытын азайтып, қонаққа барғанды шектеу керек пе?
Жүктілік кезінде болашақ педиатрыңызбен кездесу туралы келісіп қойыңыз. Солайша Сіз оны жақсылап біліп алып, Сізге лайық па, жоқ па, соны анықтап аласыз.
Сондай-ақ, оған баланы күту бойынша төмендегідей кез-келген сұрақтарыңызды қоя аласыз:
• Нәрестені перзентханадан алып келгеннен кейін баланы қарауға қанша уақытта келесіз?
• Консультация алу үшін оған жеке немесе емханаға қоңырау соғуға бола ма?
• Баланы емізу туралы кімнен консультация алуға болады? Маманның қабылдауына қалай жазылуға болады немесе онымен қалай байланысуға болады?

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.