Кіші баланың отбасына сіңіп кетуіне көмектесу жолдары

Кіші баланың отбасына сіңіп кетуіне көмектесу жолдары

03.06.2014

Отбасыңыздағы екінші бала өміріңіз қалыптасып, сағасына түскен кезеңде пайда болады. Жаңа туылған баланың ерекше қажеттіліктеріне қарамастан оған өзіңіздің отбасының тәртібіне бағынуға тура келеді. Енді бала туылғаннан кейін үлкен баламен жүргендегідей үйдегі шаруаларыңызды тастай алмайсыз.
Жаңа туылған балаға қатысты әділетсіз болып көрінгенмен – кейде өзіңіз қалайтын уақытты бөле алмайтындықтан өзіңізді кінәлі сезінетін боласыз – бірақ, бас қосылған отбасының ерекше атмосферасы барлығыңызға марапат болады! Жаңа туылған сәбиіңіз үлкен балаңыздың ықпалымен тезірек дамиды және бірінші баламен қарым-қатынасыңызға қарай отырып, қосымша ынталанатын болады.
Зерттеулердің нәтижелері бойынша сәбилерді адамдардың беттері мен дауыстары ерекше қызықтырады. Тіпті өмірінің алғашқы күндерінен-ақ олар бала мен ересек адамдардың дауыстары мен бет жүздерін ажыратуға қабілетті. Жаңа туылған сәби отбасындағы қарым-қатынастың көптеген дыбыстары мен дауыс ырғақтарын көріп, ести отырып, өзіне көптеген қызықты жайттар мен құбылыстарды ашады – мысалы, ана құрсағынан естіп, есінде қалған әпкесінің дауысын таниды. Сәбиіңіз өзінің үлкен әпкесіне ерекше назар аударатындығын байқайсыз – оның дауысына басын бұрып, оны танығандығын көрсете отырып, аяқтарын бұлғаңдатады. Оған оның бетіне қарағаннан басқа қызық ешнәрсе жоқ – өзінің алғашқы жымиюын тек қана соған сыйлауы мүмкін!
Ғалымдар адамның жымиюы оның дауысынан ерекше «ләззат дыбысымен» көрініс табатындығын анықтаған – сол себепті сәбилер оны тыңдағанды қатты ұнатады. Кішкентай балалар дауысындағы осы бақытты реңктер ұдайы естіледі – сондықтан сәбилер ересек адамдарға қарағанда, балалар дауыстарын артық көреді.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.