Баланың әкесімен байланысы

Баланың әкесімен байланысы

Armin Brott

19.03.2014

"Перзентханадан келгеннен кейін қызыма қайта-қайта қарап, көргенімнен, әрбір ұсақ-түйекке таңқалғанымнан тілім байланып қалды. Бала шашының иісі мен нәзік қолдары (әжептәуір өткір тырнақтары бар), мұрны пысылдап ұйықтағаны мен бірқалыпты демалғаны мен үшін бір ғажап болып көрінді. Ол ұйқыдан тұрған кезде қоршаған ортаны барлап, ертегі әлемді көргендей көзқарасы мөлдір болатын.
Бірнеше күннен кейін жерге түсіп, өзіме-өзім ""әке болу – бала тамашалау емес, жауапкершілік"" дедім. Сөйтіп, қызыммен өзім армандаған қарым-қатынасты құрғанша жоқ дегенде бір тонна жөргек ауыстыру керек болды.
Сондағы проблема баламен бұл уақытқа дейін шаруам болмағанда және өзімді қалай ұстау керектігімді білмегенімде болды. Сұрап алатын ешкім болмаған соң, көзімді жұмып құзға секіргендей болдым. Алғашқы бірнеше минуттан кейін жаңалық аштым. Қызым менің қараңғылығыма аяушылық танытып, періштедей мейірімді болды. Алғашқы бірнеше аптада көптеген қателіктер жасадым, бірақ сонымен бірге өзара қарым-қатынас жасаудың бірнеше қарапайым тәсілдерін таптым. Қызым да риза болғандай болып көрінді.
Бірінші жаңалығым, ол менің қолымда отырғанды ұнатады екен. Ал арқам ауырып, қолым талған кезде слингте қалуға қарсы емес.
Оған менің сөйлескенім ұнайды. Алдында мен өзімді онымен сөйлескенім үшін ыңғайсыз сезінетінмін. Ол менің не айтып жатқанымды түсінбесе де, даусымды жақсы көреді-ау деймін, тынышталып қалатын. Мен оған күннің қалай өткендігі, жаңалықтардан не көрсетіп жатқандығы, далада серуендеп жүргенде не көргендігіміз туралы айтып беретінмін.
Кейде бірнеше секундқа тоқтап қалсам, ""Әрі қарай не болды?"" дегендей, өзінің үлкен тұнық көздерімен қарайтын.
Бір маңызды кеңес: сәбидің басы салыстырмалы түрде үлкен (бала туған кезде басы дене өлшемінің 4/1 бөлігін құраса, ересек адамның басы 7/1 бөлігін құрайды екен), мойнының бұлшықеттері әлсіз болғандықтан, алғашқы айда басын ұстап, демеп жүрген дұрыс. Баланың басы босап, артқа қарай шалқайып кетпейтіндей, әрдайым артынан ұстаңыз. Екінші маңызды жаңалық, жөргекті ауыстыру сәті екеуіміз үшін қарым-қатынас жасаудың бір жақсы жолы болды. Бұл уақытта оның жұмсақ ішін сипалап, тізесін қыдықтап, кішкентай саусақтарын сүюге болады. Алғашқы күндері қызымның жөргектерін әр 2-3 сағат сайын ауыстыратынмын. Мен ол істі жақсы істейтінмін, тіпті бірде жөргекті жұмулы көзбен кигізбекші болдым. Бірақ ол онша жақсы идея болған жоқ. Себебі, таза ауаның кіргенін сезінген қызым, үстіме сиіп қойды. Бұдан басқа, жөргекті дұрыс таңдамаппын. Абырой болғанда, қателіктерімді жөндейтін сусебізгі мен кір машинасының болғанын айтсаңызшы.
Мен де көптеген нәрестелердің әкелері секілді баланың дамуы жөнінде көп білмейтінмін және қызым менімен доп ойнай білгенге дейін көп уақыттың өту керек екенін білгенімде қапа болдым. Бірақ мен онымен ойнаудың басқа тәсілдері бар екенін ұғындым. Мен оған әңгімелерді оқып беріп, ""ку-кулап"" ойнап, бетімді неше түрлі тыржитып, көңілін көтеруге тырысып, бақтым. Алайда, қаншалықты әуре болғаныммен, оны 5 минуттан артық ұстап отыру мүмкін емес еді. Аталған уақыттан кейін ол жылап, мазасыздана бастайтын не болмаса ""осы бір ессіз шаршатты мені"" дегендей қарап тұратын.
Осылардың барлығын еске алып отырсам, сол кездегі қызым екеуіміздің арамызда құрылған қарым-қатынас, бүгінгі жылы қарым-қатынасымыздың кепілдігі екен."

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.