Ұлдарға арналған бүкіл әлемдегі атақты 25 есім

Ұлдарға арналған бүкіл әлемдегі атақты 25 есім

Rachel Morris

19.05.2014

Ұл күтіп отырсаңыз, Сізге көптеген ер аттарынан таңдау жасау қажет болады. Мейлі, дәстүрлі аттарды ұнатыңыз, мейлі оған керісінше бұрын-соңды кездеспеген өзгеше аттарды ұнатыңыз, осы тарауды оқып шығып, жақсы ат қою үшін шабыт жинаңыз. Балаға ат қойғанда көптеген жайттарды ескерген жөн. Бірінші кезекте, есімі баланың өзіне ұнағанын қалайсыз. (себебі, бала ол атпен өмір сүріп шығады). Алайда, атқа деген өз мүдделеріңізді да қалыс қалдырмаңыз, себебі, ол атты балаңыз алғашқы қадам жасағаны үшін құттықтағаннан бастап, жерді жеуге болмайды, ал көкөністі керісінше жеу керек сияқты ескертулер кезінде қайта-қайта айта беруге тура келеді емес пе?! Сондықтан, өзіңізге ұнаған атты қойыңыз.
Әрине, баланың атын іс жүзінде таңдағаннан гөрі оны талқылай берген оңай. Егер аттар туралы кітаптарды оқу Сізді ақырғы шешімге алып келмесе, онда интернационалдық тәжірибеден шабыт іздеп көріңіз. Әлемнің әр түкпіріндегі ең атақты аттардың тізімін шолып шығыңыз. Мүмкін, оның ішінен болашақ балаңызға жақсысын тауып аларсыз!
Франция:
1. Лука
2. Энцо
3. Натан
4. Матис
5. Луи
Польша:
1. Якуб
2. Шимон
3. Каспер
4. Филип
5. Михал
Ресей:
1. Александр
2. Максим
3. Иван
4. Артем
5. Дмитрий
Бразилия:
1. Габриель
2. Дави
3. Мигель
4. Артур
5. Матеуш
Жапония:
1. Хирото
2. Рен
3. Юума
4. Соута
5. Сора
Тізімнен бірнеше атты шығарып тастаған соң, бірнеше апта бойы оған үйренуге тырысып көріңіз, содан соң жолдасыңыздан немесе басқа бір жақын досыңыздан дауыстап айтуын өтініңіз. Сөйтіп, Сіз атты біреу атаған кезде құлаққа қаншалықты жағымды естілетінін байқай аласыз.
Сіз кейбір аттардың айтуға қиын екенін, ал кейбіреулері болашақ балаңызға өте жарасымды екенін аңғарсыз. Есте болсын, балаға жақсы атты табу қашан да қиын. Кейде баланың кішкентай бетіне бір қарай салып-ақ атының қандай болатындығын түсінуге болады!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.