Полина – қыз бала үшін керемет ат

Полина – қыз бала үшін керемет ат

19.03.2014

Болашақ сәбиге есім таңдау оңай емес екеніне күмән жоқ. Күйеуім екеуіміз біздің екінші қызымызға есім таңдағанда, апталап дауласатын едік. Ең ақырында, біз Полина деген әсем атқа тап болдық та, сол сәтте біздің жаңа перзентімізге тамаша есім тапқанымызды түсіндік.

Үшінші баланың жынысын білмеген соң, ерлердің де, әйелдердің да аттарын ойлап табуға мәжбүр болдық. Өкінішке орай, екеуімізге де ұнайтын бір де бір ер адамның атын таба алмай қойдық.

Бұл аса күрделі процесс еді. Николай сол кездегі ең танымал және біз үшін жарамды болып көрінген есім болатын. Әпкемнің күйеуі Геннадий деген атты ұсынды, шынын айтсақ, бізге онша ұнамады. Маған Георгий деген ат ұнайтын (менің әкемнің аты біздің Смолич деген тегімізбен үндестікте одан да тартымды болып көрінетін). Ян да тізімде болған еді, бірақ біздің тегімізбен үндестігі онша емес болды. Ат таідауды жалғастыра бердік.

Мен өзіме де, күйеуіме де ұнайтын есімді ешқашан таба алмайтын шғармыз деп абыржи бастадым!

Тарихты ескеру
Біз сәбиімізге есім таңдағанда, жанұямыздың тарихын ескеруге тырыстық. Смолич – белорусс тегі, ал менің қыз кезімдегі тегім Гулевич, сондықтан да біз туған аймағымыздан көптеген нұсқаларды қарастырдық.
Орыс есімдері де маған ұнайды, тіл және әдебиет пәндерін мен колледжде сүйіп оқитынмын, сол себепті Анастасия деген есімді де қарастырдық. Біздің бірінші қызымыздың есімі Изабель. Маған бұл есім жеңіл айтылып жазылатындай көрінді, сонымен қатар әуенді естіледі. Келесі баламның есімі де осындай болғанын қаладым.
Шабыт іздеу
Маған Дина, Карина, Роза атты әйел есімдері ұнайтын, ал күйеуім болса бірде-бірін ұнатпады. Ақырында, біз Полинаға тоқтадық, бірақ оны балалар есімдері кітабынан тапқандықтан емес. Жүкті кезімде Полина есімді кейіпкері бар роман оқыған едім, екеуміз де осы ат қызымызға өте лайық деп шештік. Ол айтылуы да жазылуы да жеңіл, сондай-ақ мұнда орыс және белорусс нақышы бар.
Қызымның толық аты Полина Смолич және бұл оған толықтай жарасады.
Менің түсінгенім, балаға есім таңдау біраз уақыт алады және бірнеше сағаттық ізденулер мен зерттеуге дайын болу керек. Сізге және күйеуіңізге ұнайтын есімнің тез табыла қоймағанына уайымдамаңыз. Балаңызға лайық есім ойыңызға сап етіп келуі мүмкін!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.