Григорий  –  ұл бала үшін керемет ат

Григорий – ұл бала үшін керемет ат

19.03.2014

Босанғаннан кейін шырқырап жылаған нәрестемді кеудеме қойды, осы кезде күйеуім: «Ұл!», – деді. Оның бұл сөзі тектен-тек емес еді, біз сәбиіміздің жынысын дүниеге келгеннен кейін ғана білейік деп шешкенбіз.
Бұл шешім ортақ болатын, бірақ балаға есім таңдауды күрделендіре түсті. Баламыздың қандай екенін білмегенде, оған есім таңдау өте қиын екен. Балаға ат таңдауда менің өз көзқарасым бар еді.
Мен тым ерекше және лақап атқа тез айналатын, көпшілік мақұлдаған есімдерге жоламауға тырыстым. Баланың есімі «Президент» сөзімен үйлесуі керек деп шештім (Иә, мен балаларыма үлкен үміт артамын!). Біз күтпеген жерден қызға арналған есімді таңдағанбыз, алайда ұлдың есімімен бір шешімге келмедік.
Әрине, біздің перзентіміз ұл болды!
Біздің ұлымыз өмірінің алғашқы он екі аптасы есімсіз болды. Қорымыздағы аздаған ер адам есімдері ішінен Дмитрий деген атты таңдаған едік. Бірақ, біздің ұлымыз Димаға мүлдем ұқсамады. Ол сары шашты, нәзік терілі, кішкентай болатын. Ал мен Диманы қара шашты, күшті деп елестететінмін.
Миыңызға шабуыл жасаңыз!
Мен әлеуметтік желіде: «Біз ұлымызға есім таба алмадық! Ойларыңыз бар ма?» деп жаздым.

Артем деген досымыз баламызды өзінің құрметіне атауымызды ұсынды. «Артем есімді жігіттер сүйкімді, ақылды, танымал болады», – деп қалжыңдады. Күйеуім телефоннан көзін алып: «Білесің бе? Шынымен де, маған Артем деген есім ұнайды», – деді.
Маған бұл есім біздің тегімізбен үйлесетіндей көрінді, сосын мен балама қарап «Сәлем, Артемка» дедім, бірақ балам менің шақырғаныма қарамайды деген қорқынышпен бұл ойымнан бас тарттым.
Мақтануға тұрарлық есім.
Біз Григорий Мелеховқа тоқталдық. Оның тегі – менің күйеуімнің тегі. Бір жарым жылдан кейін менің Гришам, М. Шолохов романының кейіпкеріне ұқсайтын қайратты да мықты жігітке айналды.
Таң қаларлығы, балама Григорий деген есім жарасады деп ойлайтынмын, шынымен де, ол барған сайын менің ойымдағыдай өзгере бастады. Енді біз келесі баламызға қалай есім таңдайтынымызды білеміз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.