Сәбиге есім іздейміз

Сәбиге есім іздейміз

19.03.2014

Шіркін-ай, осы балалардың керемет есімдерін-ай... Балаға өте ұтымды ат таңдаудың белгілі бір формуласын ойлап тапқан күшті болар еді!
Біздің әңгімеміз мынадай: біз менің күйеуімнің орыс тегін менің Франциядан шыққан ата-бабаларыма қатысы бар, бірақ орыс құлағы үшін жеңіл естілетін, Анжелика деген француз атымен біріктірдік.
Бұл стратегия сәтті болып, бәрі де риза болып қалды.
Шын мәнінде балаға жақсы ат таңдаудың жолы көп. Шабытты әулетіңнің шежіресінен, өз еліңнің тарихынан және тіпті поп-мәдениеттен де алуға болады.
Жақындардың құрметіне
Балаға есім берудің дәстүрлі жолы – оны Сіздердің туысқандарыңыздың немесе ата-бабаларыңыздың есімдерінен таңдап алу. Кейбір мәдениетте ұрпақтан ұрпаққа берілетін әулеттік есімдер болады. Әулеттік дәстүр таңдауды жеңілдетеді, бірақ қиындатып та жіберуі мүмкін – мысалға, егер Сіздің бөбегіңіздің тура сондай аты бар тағы үш бөлесі бар болса.
Алайда ережелерді міндетті түрде қатаң сақтаудың қажеті жоқ – әдемі есімдер тек жақын туыстар қатарынан ғана емес, алыс туыстар ішінен де шығуы мүмкін. Өздеріңнің жақындарыңның аттарына үндесіп келетін аттарды ойластырып көріңіз.

Жан-жағыңызға қараңыз!
Осы күндері ата-аналарға рок-жұлдыздардың, кино мен кітап кейіпкерлерінің, тарихи кейіпкерлердің, атақты жазушылардың, әулиелердің, мәдениет қайраткерлерінің аттары мен, тіпті, шоқжұлдыздардың атаулары шабыт береді!
Кейбір ата-аналар өз балаларына аттарын өздері ойлап табады. Бізге көрші үйде Виталия мен Нана деген қыздар тұрады, ал Мирра мен Гелена менің қызыммен бірге мектепке барады.
Соңғы сынақ
Егер Сіз әлі де ат таңдаудан қиналып тұрсаңыз, Сізге кітаптар, веб-сайтар және де, тіпті, талғамдарыңызға қарай Сізге бір нұсқасын шығарып беретін есім генераторлары да көмекке келеді. Өз нұсқаңызды анықтап алған соң, балаңызды кешкі ас ішуге шақырып жатқаныңызды көзге елестетіңіз. Егер сол атты дауыстап айтқанда мүдіріп қалсаңыз, тағы да біраз ойлап көрген дұрыс сияқты!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.