Жүктілерге арналған гимнастика бойынша 3 дәлелді кеңес

Жүктілерге арналған гимнастика бойынша 3 дәлелді кеңес

Rachel Morris

27.05.2014

Жүктілік кезіндегі дене шынықтыру жаттығулары жоспарыңызға кірмеуі де ғажап емес. Дегенмен, сарапшылар тұрақты түрдегі физикалық салмақ болашақ аналар үшін де, олардың балалары үшін де пайдалы деп санайды.

1. Аздан бастаңыз


Физикалық жаттығуларға үйренбеген болсаңыз, тез жүру, жүзу немесе велосипедпен жүру арқылы күніне отыз минут бірқалыпты жүктемені қабылдап, жаттығыңыз. Физикалық күш түсіруді аз-аздан бастаңыз.

Қиынынан емес, қарапайым нәрседен бастаңыз. Мысалы, күніне 5 минут жаяу жүруден бастап, уақытты ақырын көбейте беріңіз (әр апта сайын 5 минуттан).

Егер Сіз үшін қарқынды физикалық жаттығулар үйреншікті нәрсе болса, онда жүктемені азайтқан жөн болар. Шалт қимылдар мен секіруді талап ететін жанасатын және басқа спорт түрлерімен, сондай-ақ құлауға алып келетін шаңғы тебу немесе атқа міну секілді спорт түрлерімен айналысуға болмайды.

2. Жаттығуларды тоқтатпаңыз


Аптаның басым бөлігін жаттығуға арнаңыз. Рас, кейде қатты шаршап жатқаныңызда, жаттығу жасағыңыз келмейді, бірақ физикалық жаттығулардың керісінше жағдайыңызды жақсартатынын ұмытпаңыз.

Жүктілік кезіндегі дене шынықтыру күш беріп, арқаның ауруын басып, шыдамдылыққа үйретіп, денені босануға дайындап, бұлшықеттерді күшейтетіндігі дәлелденген.

Бұдан басқа, жүктілік кезінде денені сау күйде ұстау, босанған соң салмақты тез түсіруге көмектеседі.

3. Өзіңіздің және балаңыздың денсаулығы үшін тырысыңыз


Ішіңіздің күннен-күнге өсіп жатқанда, Сіз жаттығуды арықтау үшін жасап жатпағаныңыз құпия емес. Жүктілік кезіндегі тұрақты дене шынықтыру жаттығулары қиын жағдайға алып келетін гестациялық диабет қаупін төмендетіп, артық салмақты жинамауға себеп болады.

Жаттығу ішіңіздегі сәби үшін де пайдалы. Ол ұрықтың өсуіне және дамуына себеп болып, бала туған кезде салмағының дұрыс болуына мүмкіндік беріп, жүрегінің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Егер физикалық жаттығулар құлшындырмай қойса, дене шынықтыруға арналған аяқ киім мен ішіңізге лайық келетін киім сатып алыңыз. Әдемі формамен жаттығу жанға жағымды және жаттығудан түсетін пайда алған формаңыздың құнын ақтайды. Және де саябақта серуендеу – жүктілік кезінде болашақ ананың өзін жақсы сезінуінің бірден-бір жолы екенін ұмытпағайсыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.