Міндетті заттар мен элементтер:  Кальций және темір

Міндетті заттар мен элементтер: Кальций және темір

Margaret Freda

27.05.2014

Жүктілік кезінде арнайы әзірленген дәрумендерді қабылдау, сонымен бірге тамақтан да дәрумендер мен минералдарды алу маңызды. Бұл, әсіресе, кальций мен темірге қатысты.

Кальций неліктен маңызды болады?


Сүйегіңіздің мықтылығын сақтауға көмектескеннен басқа, бала сүйегі мен тісі үшін аса қажетті элемент. 19 және одан жоғары жастағы жүкті әйелдерге күніне 1000 мг кальций керек болса, жасы 19-ға жетпеген әйелдерге күніне 1300 мг кальций керек екен.

Келесі тізімде әрбір пункт кальцийдің бір үлесіне (300 мг) тең. Күніне төрт үлесін жеп отыруға тырысыңыз.

• 1 стақан сүт немесе йогурт
• 40 г (1,5 унция) қатты ірімшік
• 40 – 60 г (1,5-2 унция) ірімшік
• 1 1/2 шыны дайындалған немесе жас көкөніс

Темір неліктен маңызды болады?


Темір қанның жасушалық элементтерін құруға көмектеседі және анемияны болдырмайды. Жүктілік кезінде Сізге әдеттігіден де көбірек, күніне 27 мг темір қажет болады.

Тамағыздың құрамынан темір алып жатсаңыз жақсы, себебі, құрамында темір бар биологиялық белсенді қоспалар ішті қатыруы мүмкін. Ал бұл қиындық Сізде онсыз да болуы мүмкін.

Темірдің қажетті көлемін тек тамақтан алу қиын болғандықтан, көптеген әйелдер темірді құрайтын препараттарды қабылдауға мәжбүр (сондықтан, темірдің барлық қажетті көлемін тамақтан ала алмасаңыз, уайымдамаңыз). Әдетте, темір жүктілерге арналған дәрумендердің де құрамына кіреді.

Төменде аталған темірге бай өнімдердің күніне кем дегенде төрт порциясын қабылдауды мақсат етіп қойыңыз:

• 1/2 шыны қақталған жеміс: өрік, мейіз немесе қара өрік
• 1 шыны қайнатылған құрғақ фосоль, құрғақ бұршақ немесе жасымық
• 1 шыны қою-көк жапырақты көкөністер
• 1 тілім бүтін дақылдардан жасалған нан
• 30 г (1 унция) бүтін дақылдар дәні
• 60 г (2 унция) бадам немесе грек жаңғағы
• 60 г (2 унция) қызыл ет

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.