Міндетті заттар мен элементтер:  Көмірсулар

Міндетті заттар мен элементтер: Көмірсулар

Elaine Zwelling

27.05.2014

Спортшылар көмірсуларды қуат беретін құрал ретінде жарнамалайтын болса, басқа деректер оның құр калория екенін жария етіп, салмақ қоспау үшін шектеу керек екенін кеңес етеді. Көмірсулар туралы қайсы дерек шын? Жүктілік кезінде ол қандай рөл ойнайды? – дейтін болсаңыз, жауабы Сіздің көмірсулардың қандай түрін жейтініңізге байланысты болады.

Жақсы көмірсулар және жаман көмірсулар


Барлық көмірсулар бірдей емес. Қарапайым көмірсулар көп калория мен қуат береді, бірақ тағамдық құндылығы онша емес. Қарапайым көмірсулардың мысалы: ақ нан, ақ күріш немесе макарон, өңделген жармалар, печенье, торт, қанттар және дәмханалардан жей салатын пайдасыз тамақтар.

Күрделі көмірсулар біржағынан Сізге және балаңызға қажет болатын минералды, ақуыз бен жасұнықты құрайды. Көкөністер, жемістер, бүтіндәнді нан, жармалар мен макарон өнімдері, қоңыр күріш, фасоль мен бұршақ, буға пісірілген немесе қабығымен пісірілген картоп – бұның бәрі күрделі көмірсулар болып табылады.

Күрделі көмірсулардың жақсы жағы


Диетологтардың айтуынша, көмірсулардан жүкті әйел шамамен 60 пайыз калорий алуға тиіс екен. Бұл үлкен мөлшер болып көрінгенімен, бұның болашақ аналарға деген пайдасы зор. Жеміс-жидектер мен көкөністер секілді күрделі көмірсулардағы жасұнықтар жүктілік кезінде пайда болатын іш қатуды жақсартуға себеп болады. Кейбір әйелдер көмірсулардың бірінші триместрде жүрек айнуды басуға көмектесетінін анықтаған.

Ас үйдегі көмекшілер


Төменде аталған кеңестерге ден салсаңыз, көмірсулық тамақтан сіңімді заттарды барынша көп қабылдай аласыз:

• Жас немесе мұздатылған көкөністер мен жемістерді жеңіз. Олардың құндылығы консервіленген түрлерінен жоғары. Жеңіл тамақ ретінде күн сайын шикі көкөністер мен жеміс-жидектерді жеп көріңіз.
• Көкөністерді дайындау кезінде оларды қатты қуырмаңыз, микротолқынды пеште ұзақ ұстамаңыз немесе буға пісіріңіз, сонда олардың дәрумені мен минералдары сақталады.
• Мүмкіндік болса көкөністерге майлы соустар мен майды қоспаңыз. Құрамында майы көп осы қоспалар тез тойдыртып, пайдалы өнімдердің орнын алып қояды.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.