Міндетті заттар мен элементтер:  Ақуыз

Міндетті заттар мен элементтер: Ақуыз

Margaret Freda

27.05.2014

Сізге және балаңызға аса қажетті жалғыз сіңімді зат – ол ақуыз. Жүктілік кезінде ақуыздың атқаратын қызметі көп: ол Сізге қуат берсе, балаңызға өсуге қажетті болатын аминқышқылдарын береді.

Барлығы жақсы болу үшін қанша ақуыз керек? Кейбір диетологтар жүктілік кезінде ақуыздың 100 г жеу керек дегенімен, жалпы ақуыздың ұсынылатын тәуліктік нормасы (РСН) 60 г құрайды екен. (1 литр сүтте шамамен 30 гр ақуыз бар). 60-100 г аралығындағы кез-келген көлемі жарай береді.

Қажетті тамақты таңдаңыз


Пайдаланылатын ақуыздың мөлшеріне ғана емес, типіне де назар аударыңыз. Жүкті әйелдер "сапалы" ақуызды, яғни, құрамында барлық қажетті аминқышқылдары көптеп болатын ақуызды жеуі керек.

Мал ақуызының көпшілігі, өсімдік ақуызының көпшілігіне қарағанда сапалы болып табылады. Сондықтан, мамандар жүкті әйелдерге мал ақуызын күнделікті пайдалануды кеңес етеді.

Егер Сіз вегетариан немесе веган болсаңыз, Сізге барлық аминқышқылдарын алу үшін дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдастар сияқты белгілі бір өнімдерді теңгеру қажет болады.

Құрамында ақуыз бар өнімдер


Қызыл ет ақуыздың нағыз қайнар көзі, бірақ Сізге ақуызға деген қажеттілігіңізді қанағаттандыру үшін әр тамақ жеген сайын үлкен кесек етті жеу қажет емес. Балық пен құс еті, сүт өнімдері, жаңғақтар мен бұршақтар да ақуызға бай болады.

Келесі порциялардың әрқайсысында шамамен 15 г ақуыз болады:

• 2 үлкен жұмыртқа
• салмағы 60-90 г (2-3 унция) ет, балық немесе құс еті
• 60 г (2 унция) қатты ірімшік
• 1/4 стақан жержаңғақ майы
• 1 шыны дайындалған бұршақ, ас бұршағы немесе жасымық
• 1/2 шыны сүзбе немесе рикотта
• 2/3 стақан бадам

Егер Сіз салмақ қосудан қорқып, ақуыз бен сүтті өнімдерді көп жемейтін болсаңыз – бұныңыз бекер. Сапалы ақуыздың жеткілікті шамасын құрайтын теңгерілген диета салмақ қосуға себеп болмайды. Дегенмен, жүктілік кезінде салмақ бәрібір қосылады және бұл қалыпты жағдай.

Дұрыс тамақтану өсіп жатқан баланың денсаулығын қолдаудың және өз жағдайыңды қамтамасыз етудің ең жақсы бір тәсілі.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.