Созылу

Созылу

Elaine Zwelling

27.05.2014

Созылу – терідегі алқызыл немесе қызыл-көкшіл түсті жолақтар. Медициналық терминологияда созылуды «стрия» деп атайды, бұл латыннан аударғанда «жолақтар» дегенді білдіреді. Ол салмақтың қосылуына және жатырдың өсуіне қарай терінің созылуына байланысты шамамен жүкті әйелдердің 90 пайызында болады.

Осы жолақтар теріңіз ақ түсті болса және салмақты тез жинап жатсаңыз, кеудеңізде, ішіңізде немесе бөксеңізде пайда болуы мүмкін. Жүктіліктен кейін олар біртіндеп ағара бастайды, бірақ толығымен жойылып кетпейді. Бірақ оны болдырмаудың бірнеше тәсілі бар:

• Жүктілік кезінде салмақты бірқалыпты және ақырын жинауға тырысыңыз (10-нан 13 кг дейін)
• Дұрыс тамақтаныңыз және көп су ішіңіз
• Қанның дұрыс айналуын және бұлшықеттердің нығаюын қамтамасыз ету үшін дене шынықтыру жаттығуларын тұрақты түрде жасаңыз
• Бандаж бен көтермелеп тұратын төстартқышты киіңіз
• Қышыну және құрғақтық болмас үшін кремдер мен лосьондар арқылы теріңізді жұмсартыңыз. Алайда, бұл құралдар созылудан аман қалуға көмектеспейді, сондықтан бекерге дәме қылмаңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.