Егіздер жайында хабарлаудың қызық әдісі

Егіздер жайында хабарлаудың қызық әдісі

19.03.2014

Жүктілігіңіз туралы жанұяңызға айту – әрдайым қуаныш әкеледі. Біздің жағдайымызда қуанышымыз екі есе болды, өйткені біз бір емес, екі бала күтіп отырмыз.
Менің отбасым мен ата-енем жүкті екенімді бірінші УДЗ-ға дейін алтыншы аптада естіген болатын, сондықтан екінші сәби туралы ешкім білмеген.
«Көзбен көрмей – сенбеймін» дегендей, мен де екі ұрықты жұмыртқаның суреті бар УДЗ қорытындысымен бірге: «Екі сәби, лүпілдеп соққан қос жүрек!» деген смс-ті туыстарыма жібердім. Біздің отбасымыздағы өзгерістерге байланысты қуаныш пен таңқалуға толы смс-хабарлар мен қоңыраулардан менің телефоным жарыла жаздағанын айтпаса да болады!
Екінші УДЗ жасаған соң (дәрігерге егіздермен тіпті жиі бару керек), балаларымыз жақсы дамып және өсіп жатқанын білдік те, қуанышты хабарды күйеуімнің әпкесіне айттық. Күйеуім оған қоңырау шалып, эмбрионның көрсеткіштері мен жүрек қағысының жиілігін тәптіштеп айтты, ал соңында: «Екінші баламен де бәрі дұрыс», – деді.
Телефон сымының арғы ұшындағы үнсіздік бізге бәрін айтқандай болды. Ақырында ол: «Сонда екі бала боп тұр ғой!», – деп үн қатты.
Отбасымыздың қалған мүшелеріне жүкті екенімді бірінші триместрдің соңында айттық. Әр кез сайын менің жүкті екенімді айтып, құттықтауларды қабылдайтынбыз. Бірақ сосын: «Қанша бала көтергенімізді тауып көрші?» немесе «Ең ғажабы, бізде екі бала болады!» деп қосып қоятынбыз. Әрі қарай олардың бір-екі секундтай есеңгіреп қалып, содан кейін үйреншікті «Қойыңдаршы!» немесе «Бұларың рас па?» деген жауаптарын еститінбіз.
Балаларымыздың жынысын білген кезде, қуанышымызды отбасымызбен бөлісуге асықтық. Дәрігерден жыныстарының қандай екенін бізге айтпай, қағазға жазып беруін өтіндік. Бұл қағазды кондитерге апарып бердік. Наубайшы бізге тосын сый ретінде екі торт дайындады. Егер мұндай тортты кескенде ішінен көгілдір глазурь көрсеңіз, Сізде – ұл, ал қызғылт глазурь болса – қыз болады.
Біз барлық жақын туыстарымызды қонақ бөлмеге жинап, балалардың жынысы туралы өз болжамдарын айтуды сұрадық. Бірінші тортты кескенде глазурьдың қызғылт жолағын көрдік, екінші торт та қызғылт болды. Екі қыз! Бұл шынымен де ғажап сәт еді, өйткені бүкіл отбасымыз осы жаңалықты бірге естіді!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.