Босану тарихы: бәріне де дайын болыңыз!

Босану тарихы: бәріне де дайын болыңыз!

19.03.2014

Бала туралы қанша кітап оқығаныңыз да, дәрігер Сізге не айтқаны да маңызды емес – ештеңе де Сізді көпұрықты жүктілікке, тіпті, жай жүктілікке де дайындай алмайды.
Мен өз тәжірибемнен түсінгенім, сәтті босану көптеген ауыспалы себептерге тәуелді. Сондықтан, жоспардың икемді болғаны дұрыс. Мен егіздерді күтіп жүргенде, босануым қалай өтетінін мүлдем болжай алмадым. Менің көпұрықты жүктіліктің арқасында түсінгеннімнің бәрі тек осы ғана.
Тосын сыйға дайын болыңыз
Мен жүктіліктің 38-ші аптасында мерзіміне дейін жетілген екі ұлға босану үшін ауруханаға келдім, өзімді жақсы сезінетінмін. Көпұрықты жүктілік кезінде әйелдер мерзімінен бұрын (37-ші аптаға дейін) босанатынын білетінмін, сондықтан бұл шектен өтіп кеткеніме қуандым.
Келеке болғандай, бір ай бойы төсектен тұрмай, толғақты әлсірететін дәрі қабылдағаннан кейін, сәбилерім сыртқа шыққысы келмей қойды, сол себепті толғақты шақыруға тура келді.
Екі балам да дұрыс жатты, сондықтан дәрігер екеуіміз табиғи жолмен босанамыз деп шештік.
Мен алғаш рет ана болатындықтан, босану кезінде мені не күтіп тұрғанын да білмедім. Сегіз сағат, бір эпидуралдық жансыздандыратын екпе және шексіз толғақ – осылайша бірінші ұлым дүниеге келді. Салмағының аздығына қарамастан – 2350 грамм, оның денсаулығы жақсы болды. Медбикелер мен күйеуім оны тексеріп жатқанда, дәрігер мені екінші баланы тууға дайындады. Бірақ, мен қатты шаршағандықтан, жалғастыруға дайын емес едім.
Екінші бала біріншіге әрдайым ұқсай бермейді.
Екінші балам оңайлықпен келе қоймады. Дәрігерлер себебін анықтағаннан кейін, мені ота жасауға дайындады. Біздің екінші баламыз да дүниеге келді. Тағы бір дені сау ұл!
Мен балаларымды дүниеге әкелуге дайындалып жүргенде, босанудың екі түрін де – табиғи және кесар тілігін – басымнан өткіземін деп ойламаптым. Егер Сіз егіздерді күтіп жүрсеңіз, бұл жағдай Сізбен де болуы мүмкін.
Әрине, менің босануым – ол тек менің ерекше тәжірибем. Дәрігермен кеңесіңіз, барлық жағдайларды қарастырыңыздар. Егер босану кезінде қиындықтар туып жатса, жақында сәбилеріңізбен кездесетініңізді ойлаңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.