Егіздер мен үшемдерді емізу:  4 көмексөз

Егіздер мен үшемдерді емізу: 4 көмексөз

19.03.2014

Сіз, бала күтімі жайында миллиондаған кеңестер алған боларсыз, бірақ , Сізде бір емес бірнеше бала болса, олардың көмегі тиер ме? Егіздерді, үшемдерді, одан да басқа «...дерлерді» тамақтандыру – оңай іс емес!
Мынау, тамақтандыруды жеңілдететін бірнеше ойлар.
1. Икемді болыңыз!
Егер Сіздің сәбилеріңіз бір мезгілде туылса, олар аштықты бір уақытта сезінеді деген сөз емес!
Уақытпен тамақтандыру Сізге күніңізді бір қалыпқа келтіруге көмектеседі, дегенмен, әр бала – бұл жеке адам, сондықтан олар әр уақытта тамақтанғылары келуі мүмкін. Сіз күн тәртібін сақтауыңыз керек, бірақ барлық баланы бір кезде тамақтандыруға тырыспаңыз.
2. Сүтіңіз үшін уайымдамаңыз.
Сүтім таусылады деген ойыңызға қарамастан, Сіздің ағзаңыз сүтті әр балаңызға жеткілікті мөлшерде бөледі.
Өйткені, Сіздің денеңіз дүниеге бірнеше бала келгенін біледі де, бәріне де сүт шығарады. Ғылыми зерттеулер дәлелдегендей, егіз балалы анада, бір баланың анасына қарағанда сүт екі есе көп өндіріледі екен!
3. Зарарсыздандырғыш сатып алыңыз
Егер Сіз бөтелкемен тамақтандыратын болсаңыз, зарарсыздандырғыштың орны бөлек екеніне көзіңіз жетеді. Сізге бір күнде бірнеше бөтелке қажет болады, сондықтан әрбір келесі тамақтандыруға таза ыдыстар дайын болуы керек – бұл Сіздің уақытыңызды үнемдейді.

Сонымен бірге бөтелке де жеткілікті мөлшерде болуы керек! Тіпті, бір баланың өзіне бірнешеуі керек, ал егіздер мен үшемдердің анасы туралы не айтуға болады!
4. Арнайы жабдықтарды пайдаланыңыз
Сізге тамақтандыруға әртүрлі техника жаңалықтары көмектеседі – қолсыз тамақтандыруға арналған бөтелке, сол сияқты егіздерге арналған арнайы жастықшалар. Бірнеше баланың анасына дүкендер төменгі баға және бонустар ұсынады.

Біраз дайындық, арнайы құрылғылар – және жылдам, жағымды тамақтанудан кейін балаларыңызбен ойнап, көңілді уақыт өткізуге қайта орала аласыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.