Егіздердің, үшемдердің аналарына көмек ретінде қызықты керек-жарақтар

Егіздердің, үшемдердің аналарына көмек ретінде қызықты керек-жарақтар

19.03.2014

Қазіргі уақытта балаларға арналған заттардың көптеген түрлері бар: стильді тауарлардан бастап, қарапайым заттарға дейін. Егіздерге де әр түрлі қызықты заттар табуға болады.
Егіздерге ыңғайластырылған жай ғана бала заттары емес, арнайы олар үшін ойлап табылған, жас ата-ананың өмірін жеңілдететін заттар.
Мынау Сіз таба алатын заттардың мысалы:
Бесік-арба
Тіпті Сізде балаға арналған жеке автокресло болса да, Сізге әмбебап, серуендеуге арналған және басқа да бесік-арба түрлері керек болуы мүмкін. Олар әр бөлшегіне үлкен назар аударылып, мұқият құрастырылған, жүргізуге ыңғайлы және жеңіл болатындай етіп жасалған, сондықтан Сіз балаларынызға ұнайтынына сенімді бола аласыз.

Көтергіштер
Жаңа туылған сәбидің біреуін қолмен көтеріп жүрудің өзі қиындық туғызуы мүмкін, ал сәбилер екеу немесе үшеу болса, айтпаса да түсінікті! Көтеруге Сіздің қолыңыз жетпейді де.
Дегенмен, осы жағдайдан шығуға тек бесік арбалар ғана көмектеспейді. Көтеруге арналған арнайы әзірленген құралдар Сіздің қолыңызды босатады және баланы өзіңізге жақын ұстауға көмектеседі. Көтергіштің ерекше конструкциясы сәбилерге ең қолайлы қалыпта болуына мүмкіндік береді.

Емізуге арналған жастықтар
Кейбір өндірушілердің табысқа жеткендігі соншалық, олар егіздерді емізуге арналған арнайы жастықтарды шығара бастады. Сәбилерді қауіпсіздікте және ыңғайлы ұстаудан бөлек, бұл жастықтар Сіздің өміріңізді жеңілдетеді. Олар емізуге арналған қарапайым жастықтардың барлық қасиеттерін үйлестіріп қана қоймай, сонымен қатар емізу процесін өзіңіз үшін барынша жанға жағымды етеді.
Заттарға арналған сөмкелер
Қарапайым сөмке де көмектеседі, бірақ бірнеше сәбимен бірге едәуір көп затты алуға дайын болуыңыз керек. Арнайы сөмкеге Сіздің сәбилеріңіз үшін барлық қажетті заттар сыяды, сондықтан көлемді сөмкеге барлығын сыйғызуға тырыса отырып, сапарға алатын бірдеңені ұмытып кеттім деп алаңдамаңыз.
Кез келген тауарда қауіпсіздік сертификаты болуы тиіс екендігіне әрқашан назар аударыңыз. Сізге пайдалы болатын заттарды табу үшін басқа ата-аналардың кеңестерін пайдаланаңыз (желіден егіздерге арналған көптеген форумдарды табуға болады).

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.