Көпұрықты жүктілік

Көпұрықты жүктілік

Margaret Freda

27.05.2014

Сізге көпұрықты жүктілік жайында хабарлаған болса, Сіз автоматты түрде жоғары қауіптегі пациентке айналасыз. Сіз өзіңізді жақсы сезінгенімен, егіздерді (сондай-ақ, үшемдерді) туу кезінде Сіз білуге тиіс болатын әр түрлі қиындықтар туындауы мүмкін.
Егер Сіз тұрып жатқан мекен-жай бойынша жоғары білікті акушер-гинеколог бар болса, Сіздің жүктілігіңізді сол дәрігер бақылауға тиіс. Сіздің дәрігеріңізде де асқынулармен өтетін жүктілікті жүргізу тәжірибесі бар болуы тиіс. Бұндай дәрігерлер қаупі жоғары топтарға жататын жүкті әйелдермен жұмыс істейді. Көпұрықты жүкті әйелдерге бір балалы жүкті әйелдерге қарағанда дәрігерге жиі барып, қан талдамаларын жиі тапсырып, УДЗ жиі түсуге тура келеді. Көпұрықты жүктілік: бір жұмыртқалық егіздер ме, әлде жай егіздер ме?
Дәрігер бір келгеніңізде балалардың қалай өсіп жатқандығы жайында хабарлап, егіздердің типін (үшемдерді немесе бірнеше сәбиді) анықтап береді.

Бір жұмыртқалық егіздер, бір-бірінен айнымайтындай ұқсайтын болады. Себебі, олар екі сперматозоидпен ұрықтанған бір аналық жұмыртқаклеткасынан пайда болады. Бұл жағдайда эмбриондар бір ұрықтық қапта болып, ортақ амниотикалық сұйықтықта жүзіп жүреді.

Екі немесе одан көп жұмыртқа клеткаларын ұрықтандыру кезінде әр түрлі ұрықтық қаптарда егіздер мен үшемдер пайда болады. Үш немесе одан көп эмбриондары бар көпұрықты жүктілік кезінде сәбилердің ішінде біржұмыртқалық және әртүрлі жұмыртқалық ұрықтар болуы мүмкін.

Көпұрықты жүктілік немесе уақытынан бұрын босану
Көп ұрықтық жүктілік кезінде уақытынан бұрын босану жағдайлары жиі кездесіп жатады. Сондықтан болашақ ана өзінің денсаулығын ерекше күтуге тиіс. Кәдімгі жүктілік әдетте 40 аптаға дейін созылады (бұл уақытқа дейін бала жақсы дамып, жатырдан тыс жерде өмір сүре алатындай жағдайға жетеді).

Көпұрықты жүктілік кезінде сәбилердің салмағы, әдетте, өте аз. Оларға жатырда бір бала болғандай көп кеңістік болған жоқ. Сондықтан, олардың 40 аптадан бұрын дүниеге келуі заңды.
Ресейде мерзіменен бұрын босану үлесі жалпы алғанда 7,4% құрайды және оның көбі көпұрықты жүктілікке байланысты болған екен.

Көпұрықты жүктілік кезінде барлық медициналық ұсыныстарды мұқият сақтаңыз және дәрігерге тұрақты түрде барып тұрыңыз. Ең бастысы, көп демалыңыз, себебі бірнеше баланы көтеру – үлкен еңбек!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.