Көпұрықты жүктілік: мені не күтіп тұр?

Көпұрықты жүктілік: мені не күтіп тұр?

19.03.2014

Егер Сіздің құрсағыңызда екі, үш немесе бірнеше сәби бар болса (медициналық терминологияда бұл «көпұрықты жүктілік» деп аталады), онда босанғанға дейінгі барлық кейінгі айлар аралығында нені күту қажет екенін білу Сізге қызықты болады.
Қазіргі уақытта УДЗ нәтижесінде дәрігерлер ерте мерзімдерде, кейде тіпті 6 аптада көп ұрықты жүктілікті анықтайды. Сонымен қатар екі немесе бірнеше сәбиді 10 аптаға жуық мерзімде арнайы аспап – доплердің көмегімен анықтауға болады. Кейде бір баланың жүрегінің соғуын екінші баладан ажырату қиын болады, бірақ Сіздің дәрігеріңіз бір минуттағы жүректің соғуының нақты санын санайды, бұл сан балалардың әрқайсысында әртүрлі болуы мүмкін.
Бір сәбилі әйелдерге қарағанда көп ұрықты жүктілікпен дәрігерге көбірек қаралу керек. Сонымен қатар Сіз қан талдауларының және УДЗ көп болуына дайын болуыңыз керек.
Бір жұмыртқалы егіздер және егіздер
Сіз дәрігерге кіріп шыққанда дәрігер балалардың қалай өсіп келе жатқандығын қарайды және Сіздің егіздеріңіздің түрін (үшем немесе бірнеше сәби) анықтайды.
Бір жұмыртқалы егіздер бір-біріне айнымастай ұқсас болады, екі сперматозоидпен ұрықтанған бір аналық жұмыртқа жасушасынан пайда болады. Бұл жағдайда эмбриондар бір ұрықты қапта болады және жалпы амниотикалық сұйықтықта жүзіп жүреді.
Екі және одан көп жұмыртқа жасушасын ұрықтандырған кезде әртүрлі ұрық қаптарында егіздер және үшемдер пайда болады. Үш және одан көп эмбриондамен көп ұрықты жүктілік кезінде сәбилер ішінде бір жұмыртқалы, сол сияқты әртүрлі жұмыртқалы болуы мүмкін.
Көпұрықты жүктілік және мерзімінен бұрын босану
Көп ұрықты жүктілік кезінде мерзімінен бұрын босану жиі орын алады, сондықтан болашақ ана өзінің денсаулығын мұқият қадағалауы керек. Қалыпты жүктілік әдетте 40 аптаға созылады (осы уақыт ішінде бала өсуге және жатырдан тыс өмір сүретіндей жетілуге қабілетті болады).
Көпұрықты жүктілік кезінде, әдеттегідей, балалардың салмағы төмен болады. Жатырда олар үшін бір сәбиге арналғандай кеңістік көп емес, сондықтан босану 40 аптадан ерте басталуы мүмкін. Солай бола тұрса да, бір апта ерте босанудың өзінің де жақсы жақтары бар!
Көпұрықты жүктілік кезінде барлық медициналық ұсыныстарды мұқият сақтаңыз және дәрігерге тұрақты қаралыңыз. Сонымен қатар, көп демалыңыз, бірнеше баланы көтеру – үлкен еңбек!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.