Мен жүктімін!: Күзгі сый

Мен жүктімін!: Күзгі сый

19.03.2014

Кезекті етеккір басталғанға дейін бірнеше күн ғана қалды, бірақ мен интернеттен жүктіліктің бірінші белгілерінің сипаттамасын және қашан тест жасауға болатындығы туралы ақпаратты іздей бастадым.

Менің омырауым аздап сыздап ауырды, басым сәл ауырыңқырады, ал базалды температура жоғары болды – осы барлық белгілер үміт беретін. Мен өзіме аздап күте тұруды және етеккірім келгенге дейін әлі бес күн бар екендігіне қарамастан келесі аптада таңертең тест жасауға уәде бердім – бірақ әлі ерте еді.

Алдыңғы күні көшеде дауыл басталды. Біздің ауладағы 20 метрлік қарағайды қосқанда, қаладағы барлық ағаштар құлады! Көптеген үйлерде электр тоғы жұмыс істемеді, біздің үйде де электр тоғы болмады. Дегенмен, мен келесі таңда жасайтын жүктілік тестінен басқа ешнәрсені ойлай алмадым.

Түн ортасында күйеуміз екеумізді бензоараның гүрілі оятты. Қалалық билік көлік қозғалысына кедергі жасаған құлаған қарағайдан өтетін жолды босату үшін біздің ауданға құтқарушылар бригадасын жіберген екен. Мен төсекте желдің гуілін естіп жатып, өзімнің жүкті немесе жүкті емес екендігімді болжап жаттым. Мен ана болуды асыға күттім!

Алты жарымда қоңырау соғылған кезде мен кереуеттен секіре түсіп, тест жасауға жүгірдім. Бірақ үйде әлі электр жарығы болмады! Шыдамсызданып мен қол шамды алып ванна бөлмесіне кірдім. Қарапайым әрекеттерден кейін мен тестке екінші жолақтың пайда болуын күтіп қарадым – ол өте жылдам көрінді! Мен толқығаннан тыныс ала алмай қалдым!

Мен күйеуімді оятып, қуанышты жаңалықты айту үшін қолыма тест және қол шамды ұстаған күйі жатын бөлмеге кірдім. Ол ұйқысын аша алмай тумбочкадан көзілдірігін ұзақ іздеді және қол шамның жарығынан көзін сығырайтып нәтижеге қарады. Ақыр соңында ол күлімдеді де біздің отбасымыздың алдағы уақытта толығатындығы туралы тамаша жаңалықты растады!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.