Ата-аналарға немерелердің дүниеге келуі туралы қалай айтса болады

Ата-аналарға немерелердің дүниеге келуі туралы қалай айтса болады

19.03.2014

Менің ата-анамның немерелер жағынан біраз түсініктері бар еді. Мен үш баланың ең кішісі болдым, сондықтан күйеуім Сергей екеуіміз ұрпағымызды жалғастыру мәселесімен айналысып жүрген кезде олардың екі немересі бар болды. Осы уақытқа қарай олар нағыз ата-әже болды!
Сонымен қатар, менің ата-анам бізден де ерекше жаңалық естуге үміттенетін. Олар өздерінің ересек немерелерін жақсы көретін және біздің отбасымызда тағы бір сәбидің дүниеге келуін шыдамсыздана күтетін.
Жүкті болғанға дейін мен ағам мен әпкемнің ойына келмеген бір өзіндік тәсілмен ата-анама өзімнің бала көтергенім туралы айтқым келетіндігін ойластырған едім.
Сәбилі болатындығымды білген кезімде анамды жеңіл операция жасау үшін ауруханаға жатқызды. Мен оған сауығып шығу тілектері жазылған хаттың астына жасырып: «Құттықтаймын, сен әже боласың!» деген жазуы жазылған ашық хатты сыйлауды ойладым. Ағамды және әпкемді отбасыларымен бірге қоса, барлығымыз да отбасылық кешкі асқа жиналдық. Мен анама жақын келіп денсаулық тілеп, кешіккеніме кешірім сұрап, оған ашық хатты табыстадым.

Ол менің жүктілігім туралы хабарды көре салып, қуаныштан мені құшақтап алды, анамның бұл қылығы осы кезде бөлменің жанынан өтіп бара жатқан әкем үшін тосын сыйды бүлдірді. Ол бірден абыржыған күйі бізге жақындады, бірақ қуанышты жаңалықты ол екінші болып білгендігі мені қолайсыз жағдайға қалдырды.
Сондықтан, мен ол үшін де бірнәрсе ойлап табуды шештім.
Мен екінші рет жүкті болғанда бірінші болып әкем білуі тиіс деп ойладым. Бұл уақытта менің ата-анамның бес немересі болды. Әкем өзінің жеке тосын сыйына лайық еді!
Кезекті отбасы мейрамында әкем екеуміз әңгімелесіп отырдық, мен өзімді жайсыз сезініп отырғанымды айттым. «Не болды?», - деді ол. «Мен ... дәрігерге бардым. Ол маған алдағы тоғыз айда сырқатың жазылмайды деді», - дедім мен.
Тыныштық, ол күлімсіреді – қуаныштан төбесі көкке жетті! Анам болса қуанышты жаңалықты бірінші естімегеніне аздап көңілі қалды, бірақ мұның әділ екендігін түсінді. Есесіне нөмірі алтыншы немересі туралы хабар әкем үшін ұмытылмастай болды!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.