Жүктілікті хабарлау: жаңа оқиғалар

Жүктілікті хабарлау: жаңа оқиғалар

19.03.2014

Тест жасау маған әлі ерте болатын, бірақ мен күте алмадым – мен байқап көргенше шыдай алмадым. Тест етеккір кідіргенге дейін жүктіліктің бар-жоғын көрсете алатындығын оқыған едім.
Мен көңілім жайлану үшін тест жасап көруді ойладым. 2012 жылдың 2 мамыр күні таңертең процедураны жасадым және нұсқаулықта айтылғандай қағаз жолақты ванна бөлмесіндегі сөреге бес минутқа қалдырдым.
Күйеуім осы уақытта жұмысқа кетер алдында душ қабылдап жатқан. Мен ол ванна бөлмесінен шыққанға дейін күту үшін төсегіме қайтып келдім. Мен көп кешікпей ана болатыныма үміттендім.
Күйеуім ванна бөлмесінің есігін қалай ашқандығын және оның бет әлпетін ешқашан ұмыта алмаймын. Ол абыржыған күйі менен: «Егер сен жүкті болсаң немесе жүкті болмасаң, мына зат нені көрсетуі керек?» - деп сұрады. Мен оған: «Жүкті» немесе «Жүкті емес» деп жазулы тұрады дедім.
Мен төсектен тұра салып ванна бөлмесіне: «Не жазулы тұр? Не жазулы тұр? – деп қайта-қайта сұрап жүгіре жөнелдім. Күйеуім маған менің жүкті екенімді айтып, тесті көрсетті! Мен айғайлап жібердім де, бар күшіммен секірдім, күйеуміз екеуміз бір-бірімізді құшақтай қалдық.
Содан кейін күйеуім жұмысына кетті, ал мен дәрігердің қабылдауына бардым. Міне, сонда мен шынымен есеңгіреп қалдым! Мен дәрігерге тесттің менің жүкті екендігімді көрсеткенін айттым. Нәтижені растау үшін менен талдауға қан алынды. Медбике маған сол күні-ақ қоңырау шалып: «Сіз шынымен де, айдан анық және сөзсіз жүктісіз!» – деді. Мен күлімдеп: «Сонымен, не айтпақшысыз?» - деп сұрадым.
Сонда ол менің қанымдағы ХГЧ гармонының деңгейі жоғары болғандығы соншалық, менде көпұрықты жүктілік болуы мүмкін екендігін айтты. Қасиетті әулием!
Әлі есімде, мен күйеуіме жұмысына қоңырау соғып, бұл хабарды жеткіздім, сонда ол жай ғана: «Жақсы, біз оны қашан анық білетін боламыз?» - деді.
Содан кейін көп кешікпей УДЗ жасатуға бардым және менде егіз болатынын білдім – бұл ең тамаша сыйлық болды!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.