Үш тесттің таңқалдыруы: жүктілік және тосын сый

Үш тесттің таңқалдыруы: жүктілік және тосын сый

19.03.2014

Жүктілікке үшінші рет тест жасау алдында мен өзімнің мектептегі құрбыма қоңырау шалдым. Біз көріспегенімізге бірнеше жыл болған еді, бірақ ол жақында өмірге сәби алып келген құрбыларымның бірі еді. «Сенің өмірің жаңа ғана біржола өзгергендігін ұғыну үшін бір ғана тест жасау керек», - деді ол күліп.
Әрине оның айтқаны дұрыс, бірақ бірінші тестінің нәтижесіне мен сенбедім, екіншіде тек күлімсіредім, ал үшінші рет жанымда жігітім Диманың болғанын қаладым.

Менің жасым 20-да болатын, Мурманскіде Дима екеуміз кішкентай пәтерде тұрдық (және пәтерде екі көрші болды, жеке баспана алуға жағдайымыз болмады). Біз әдеттегі 20 жастағы жұп болдық, баланы асырауға дайын емес едік.
Дегенмен, үш жыл бірге тұрып, бала туралы әңгіме қозғадық және алдағы үш жылда күйеуім өскен Мәскеуге көшіп барып, балалы болуға болатындығын шештік. Бірақ үш жыл үш айға айналды, себебі жүктілікке жасалған барлық үш тест оң нәтижені берді!
Мен ана болатынымды күтпеген жерден білген кезде де күйзелмедім. Мен ешқашан күнтізбе жүргізбедім және кезеңді бақыламадым – мен тек етеккірдің белгілі сәтте басталатындығын ғана білдім. Менің дәрігерге жоспарлы баруым 13 ақпанға белгіленген болатын, бірақ 10 қаңтарда-ақ енді күте алмайтынымды сездім.
Мен жүктілікке үш тест жасадым және әрбір оң нәтиже алумен менің бақытқа бөленуім ұлғая берді.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.