Болашақ аналарға қалай көмектесу туралы әкелерге 4 кеңес

Болашақ аналарға қалай көмектесу туралы әкелерге 4 кеңес

Marygrace Taylor

21.05.2014

Жүктілік жас ана үшін керемет кезең, бірақ басқалардың көмегі әсте артықтық етпейді!

Баланы өзіңіз көтеріп жүрсеңіз де, серігіңіз жүктілік және босану кезінде көп көмектесе алады. Ана болуға дайындала жүріп, келесі кеңестерді болашақ әкеге жеткізіңіз.

1. Сабақтар


Әке болуға дайындала жүріп, еріңіз үшінші триместрде Сізбен бірге босануға дайындық курсына келуге тиіс. Аталған курста екеуіңіз де босану кезінде пайдаланатын тыныс алу техникасына үйренесіз. Жолдасыңыз жүктілік кезінде әйелмен болатын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ бала туғаннан кейін не күту керектігі туралы біледі.

2. Қандай заттарды алу керек


Босанар алдындағы соңғы апталар ішінде жолдасыңыз аурухана сөмкесін жинауға тиіс.

Сізге керек болатын заттар:
• Ауыстыратын киім мен әжетхана жабдықтары
• Толғақ және оның аралығының ұзақтығын есептеу үшін секунд тілі бар сағат
• Телефонға және камераға арналған қуаттау құрылғысы
• Арқаның ауруын басуға арналған массаж майлары
• Босану кезінде тыныштандыратын музыканы қоюға арналған музыка ойнатқышы
• Жеңіл-желпі тамақ (тамағы мен сусындары бар автоматқа арналған тиын)
• Қажет болған жағдайда медициналық сақтандыру полисі, перзентхананың алдын-ала тіркеу нысандары
• Маңызды құжаттарға арналған папка

3. Нағыз толғақты жалған толғақтан ажырату жолдары


Жолдасыңыз іштің маңында ғана сезілетін, бұлшықеттерді тұрақты түрде жиырылдырмайтын Брэкстон-Хикс деп аталатын жалған толғақтан нағыз толғақты ажырата білгені абзал.

Оған келесідей кеңес беріңіз: Брэкстон-Хикс толғағын әдетте денеңіздің күйін өзгертсеңіз немесе сәл жүріп қайтсаңыз баяулатуға немесе тоқтатуға болады. Ал нағыз толғақ іште және арқаның төменгі жағында қатты сезіліп, уақыт өткен сайын 30 секунд сайын күшейе береді.

4. Қолдау жүйесі


Әкелік қамқорлық пен қолдау босанатын бөлімшеден басталады. Жолдасыңыз тыныс алу техникасы мен серуендеп қайту, арқаның төменгі жағына массаж жасау немесе арқаның астына көпшік салу сияқты (босануға дайындық курсында екеуіңе де белгілі болған) ауруды басу тәсілдерін пайдаланып, толғақты жеңілдетуге көмектесе алады.

Сіздің серігіңіз – жүктілік кезінде көмек бере алатын жалғыз адам емес екенін ұмытпаңыз. Отбасы мүшелерінен және жолдастарыңыздан көмек сұраудан ұялмаңыз. Жүктілік пен босану кезінде қаншалықты қуанышты және көңілді болсаңыз, болашақ балаңыз үшін де соншалықты жақсы!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.