Сәбидің алғашқы туған күніне 5 айрықша идея

Сәбидің алғашқы туған күніне 5 айрықша идея

19.03.2014

Көптеген жас аналар сияқты Сіз де балаңыздың алғашқы туған күнін тойлау ғажайып болғанын қалайтының сөзсіз. Әрине, Сіздің балаңыз бұл күнді есте сақтап қала алмайды, бірақ Сіз жасаған фотосуреттер мен бейнелер бұл сәттерді өмір бойы сақтап қалады.

Мерекені бірегей әрі қайталанбастай ету үшін оған әлемнің әр түрлі елдерінің туған күн тойлау дәстүрлерін енгізіңіз. Бұл идеялар мерекеге қатысатын адамның бәріне— соның ішінде туған күн иесіне де қызықты болады.

1. Күнді сыйлықтарды табыстаудан бастау
Кейбір елдерде ата-аналар сыйлықтарды түнде баланың кереуетінің қасына қойып қояды. Туған күн иесі сыйлықтарды ояна салысымен аша алады. Таңертең тұрып сыйлықтардың сыртын ашу (тіпті бөбегіңіз үшін сыйлықтарды өзіңіз ашып беретін болсаңыз да) — туған күнді тойлаудың тамаша әрі көңілді бастамасы.

2. Жалау тігу
Норвегия, Швеция және Данияда ата-аналар мерекелік оқиға мен баланың туған күні екенін көрсету үшін үйдің сыртына жалау іліп қояды. Туған күнге арналған жалауларды «Шебер қолдар» дүкендерінің көбінен табуға болады. Ол үйдің сыртында бірнеше ауа шаригімен бірге желбіреп, көршілер мен дос-жаранға туған күн тойланып жатқан жерді меңзейтін болсын.

3. Пиньятаны жару
Туған күндерде жасалатын бұл дәстүрлі мексикандық ойынды бүкіл әлемдегі балалар жақсы көреді. Бұл ойынның барысында көздері байланған балалар таяқтың көмегімен папье-машеден жасалған затты ол жарылып, ішінен кәмпиттер мен ойыншықтар шашырап түскенше ұра береді де, сосын балалар оларды мәз болып жинайды.
Егер Сіздің балаңыз мұндай ойын үшін (және тәттілер үшін) тым кішкентай болса, пиньяталарды жай үйді безендіру ретінде қолданыңыз. Олар мейрамның сәнін келтіріп, көңіл көтереді.

4. Кеспені жұту
Азия елдерінде туған күн болғанда түскі асқа өте ұзын кеспе беріледі, ол сол отбасының баланың өмірі ұзақ болсын деген үмітін білдіреді. Кеспе Сіздің балаңызға тамаша ас, өйткені оны қолмен жеуге болады. Оны әдеттегі тағамдарға қосымша ретінде дастарханға қойыңыз.

5. Сол күнгі патша немесе ханым
Голландияда туған күн иесін арнайы безендірілген креслоға отырғызады. Отбасы мүшелері креслоны гүлдермен, таспалармен және ауа шариктерімен безендіріп, оны туған күн иесіне арналған мерекелік таққа айналдырады.

Сіз де сәбиіңіздің алғашқы туған күнінде биік балалар орындығын тура солай етіп безендіріңіз — ол фотосуреттерде тамаша көрінетін болады!

Сіз туған күнге өз отбасыңыздың дәстүрлерін ойлап тауып, оларға аталып кеткен балалар ойын-сауықтарының кейбіреуін қосып, бастамасын салып берсеңіз болады. Мейрамның қандай нұсқасын таңдамасаңыз да, балаңыздың алғашқы туған күні Сізге жіне сәбиіңізге көп қуаныш ікеледі, және көптеген жылдар өткен соң оны жақсылықпен еске түсіресіз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.