Балаға ыдысты пайдалануды қалай үйретуге болады

Балаға ыдысты пайдалануды қалай үйретуге болады

Marygrace Taylor

03.06.2014

Балаңыз өздігінен қолмен тамақ жей бастағаны қандай сүйкімді екені есіңізде болар – және де бетін былғаумен, шашына жабыстырумен және орындық айналасындағы паркетті ластаумен аяқталғандығы да есіңізде болар?

Міне, бала да өсіп қалды, ал Сіз болсаңыз қабырғадан кеспенің кезекті талшықтарын қырып алып тастаумен айналысудасыз – бірдеңені өзгертудің уақыты келмеді ме?
Кейде бала ондай «есеюге» әлі дайын емес болып көрінуі мүмкін, бірақ бізге сенсеңіз, ол мүлдем олай емес.

Екі жастағы балаңызда ыдыс пен асүй керек-жарақтарын қолдану және кесені бір қолмен ұстай отырып ішу үшін қозғалу дағдылары жеткілікті түрде дамыған. Әрине, тамақтану тәжірибесі әрдайым «мәдени» түрде оңтайлы жиналады деп айта алмаймыз: тіпті балаға «ересек адам сияқты» тамақтану ойы ұнайтын болса да, ол тым аш немесе шаршаған болса, осы қиындықтармен өзін әбігерлемейді.

Баланы өзін қажетті түрде ұстауға көмектесетін бірнеше кеңес береміз:

Үлгі беріңіз
Баламен бірге әрдайым тамақтана алмасаңыз да, мүмкіндігінше бірге жиі отырып, ыдысты қалай ұстайтындығын бақылау үшін өз тамақтарыңызбен бөлісуге тырысыңыз. Шамалы уақыттан кейін балаңыз әрекеттеріңізді қайталағысы келетін болады.

Жүйелі болыңыз
Балаңызда дағдыларының пайда болып келе жатқандығын байқаған сәттен-ақ бала осыған қатты қызыға бермесе де, кез келген бала тамағын «ересек адамдарға» жасағандай әдемілеп әзірлеп беруді бастаңыз. Уақыт келе ол бұл әрекеттердің Сіздің еркелігіңіз емес, ересекке ұқсаудың қосымша мүмкіндігі екендігін түсінеді.

Баланы күштемеңіз
Бала берілген шанышқы мен қасықтарды қолдануға ешқандай қызығушылық танытпаған кездерде онымен дауласпаңыз. Осы мәселеде мәжбүрлеудің кез келген талпынысы оның жеке бостандығына қол сұғу болып қабылданып, бұл тамақ ішуді екі жаққа да көңілсіз етеді.

Сабырлы болыңыз және күн сайын бір нәрсені қайталай беріңіз. Дастархан басында жаныңызда кішкентай серінің қалай пайда болғандығын өзіңіз де байқамай қаласыз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.