Табиғатты сараптау

Табиғатты сараптау

  • Орын:

    Көшеде

  • Дамытамыз:

    Табиғат

  • Сізге не қажет

    Таза стақан, сызғыш, бір жапырақ қара қағаз, шыныаяқ, бояулар

Бұл ойынды қалай ойнайды

Мөлдір әйнектен немесе пластиктен жасалған құтыны жаңбыр өлшегішке айналдырыңыз. Бүйір қабырғалары біршама тік-ау деген құтыны таңдап, балаңыздан оны ашық аспан астында, үйіңіздің ернеуінен алысырақ қоюын сұраңыз. Жаңбырдан кейін құтыдағы су биіктігін өлшеу үшін сызғышты қолданыңыз. Осыны бірнеше жауын-шашыннан кейін үзбей жасаңыз да, балаңызға қағаз бетіне жауын-шашынның ортақ мөлшерін жазып алуға көмектесіңіз.

Қыс қызықтары

Қар жауатын елде тұратын болсаңыз, қар ұшқындарын ұстап, оған қарау өте көңілді болады. Қара түсті матаның немесе тығыз қағаздың бір қиығын алыңыз, сонда оның тұсында қар ұшқындарын жақсылап қарап шығуға болады. Қар ұшқындарын ұстап алғанда тым жылдам еріп кетпес үшін мата немесе тығыз қағаз қиығын тоңазытқышта алдын ала суытып алыңыз. Балаңызға осы «қар ұшқындарына арналған қақпанды» далаға алып шығып, оған қардың бірнеше үлпегі түскенше ұстап тұруын сұраңыз. Балаңыздың назарын екі бірдей қар ұшқындары болмайтындығына аударып, үлкейткіш әйнек арқылы қар ұшқындарын қарап шығуға көмектесіңіз.

Өз қолыңнан шыққан түрлі түсті мұз

Соңында балаңызға өз қолымен мұзды қалай жасауға болатындығын көрсетіңіз. Мөлдір пластик шынаяққа немесе пластик тағамдық контейнерге шамалы су және тағамдық бояғыштың бірнеше тамшысын құйыңыз да, оны мұздатқыш камераға салып қойыңыз. Су жартылай қатқанда мұздатқыш камерадан ыдысты шығарып алып, балаңызға соның астында қалған сұйықтықтағы мұздың жұқа қабаты арқылы саусағын салуын сұраңыз. Енді су толық қатқан соң, мұз шамалы еріп, контейнерден шығатындай контейнер түбіне жылы су құйыңыз. Түрлі түсті мұзды тәрелкеге салыңыз, енді бала оның қалай еритіндігін бақыласын.

Біліп танып, өсемін

Балалар бақбаққа үрлеуді және жұлдызқұрт көбелекке қалай айналатындығын қарауды неге жақсы көретіндігінің себебі бар: кішкентай балаларды табиғатты бақылаудан артық ештеңе қызықтыра алмайды. Осы қарапайым тапсырмалар балаға табиғат құбылыстарын бақылау және мұз қатыру жағдайындағыдай, табиғатқа өздері еліктеу мүмкіндігін береді. Қандай да бір құбылыстың себеп-салдарын түсінуден артық не бар?

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.