1-3 жастағы балалардың дағдыларын ойын арқылы қалай дамытуға болады

1-3 жастағы балалардың дағдыларын ойын арқылы қалай дамытуға болады

Cheryl Lock

03.06.2014

Балаңызбен ойнауға көп уақыт бөлесіз, бірақ, оған құрдастарымен ойнау Сізбен ойнау сияқты маңызды екендігін білесіз бе?

Бұл қаншалықты таңданарлық естілгенімен, 1-3 жастағы балаларға бір сағаттан артық бос отырып қалуға болмайды. Әлбетте, Сіздің балаңызбен үнемі ойнайтын уақытыңыз да, күшіңіз де болмайды, сондықтан құрдастарымен ортақ ойнайтын ойындар мен серуендеу дамуының маңызды бір бөлігіне айналады.

Алдымен, 1-3 жастағы балалар бір бірінен ынтымақтастық, мәселелерді шешу және қолбасшылық сияқты маңызды дағдыларды үйренеді. Балаңызға алғашқы ортақ ойын ойнауды ұйымдастыру үшін келесі жайттарды есіңізде ұстауыңыз қажет:

1. Кездесулер ұзақ болмауы тиіс.
1-3 жастағы балалар зейінін ұзақ уақыт жинап отыра алмайды, сондықтан ойындар бір сағаттан аспауы тиіс, сонда олар көп пайда әкеледі.

2. Немен айналысуға болатындығын өзіңіз ойлап табыңыз. Балаңыз қонақтарының көңіл-күйлерін өзі аулауын күтпеңіз. Олар келмес бұрын балаңызға бірнеше ойынды немесе ойыншықты таңдатып алыңыз. Ұрысып қалмас үшін балаңыздың кейбір жақсы көретін ойыншықтарын тығып қою артық болмас.

3. Екі жақ та бірдей қатысуы қажет.
Балаңыз басқа балалармен жанжалсыз ойнауға қабілетті екендігіне, ал өзіңіз олардың ата-аналарымен сенімді қарым-қатынасты орнатқандығыңызға көз жеткізгеннен кейін енді солардың үйлерінде ортақ ойын ойнауды ұсыныңыз.

Балаңыз досының үйіне алғаш рет қонаққа барғанда өзін жайлы сезініп, жаңа жағдайға жылдам бейімделу үшін осы алғашқы ойын барысында қасында отырып, қатысуыңыз артық болмас.

Үйіңізге қандай да бір себептерге байланысты бөтен балаларды шақырғыңыз келмесе, бірақ балаңыз құрдастарымен араласуын қаласаңыз, 4. Жергілікті мектепке дейінгі топқа жазылып көріңіз. Бұл Сізді артық алаңдаушылықтан арылтып, балаңыз болса ұжымдағы өмірге дайындалуға барлық қажеттіге қол жеткізеді.

Ортақ ойын ойнау бойынша осы қарапайым кеңестерге құлақ салыңыз, сонда балаңыз бауырмал, тапқыр және жатырқамайтын болып өседі.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.